Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,64 Mb.
#31661
түріСабақ
  1   2   3
72 жалпы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып мұғалімі: Күздеубаева Ж.Ш.

Сынып: 1 «И»

Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларды 6 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру

Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбектене білуге және де әдемі, қатесіз жазуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, математикалық қызықты есептер,
ойын тапсырмалар;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың кезеңдері:

  1. Білу

  2. Түсіну

  3. Қолдану

  4. Талдау

  5. Жинақтау

  6. Бағалау



Сабақтың кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі




Сәлемдесу.

Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сынып тазалығына көңіл бөлу.


Білу

Жұмбақ есептерді шешу.

Маратта бар екі іні,

Мұратта бар екі іні.

Қоссақ екі мен екіні

Неше болады шешуі? (2+2=4)
Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті жесе алма

Жеп қойсам оның біреуін

Қалады сонда неше алма? (5-1=4)


Егер «Т»-дан бастасам,

Математикалық санмын

«Т»-ны алып тастасам,

Тілсіз жаумын (төрт, өрт)


Математикалық диктант

10 мен 0-дің қосындысы 10 мен 5 - тің айырмасы

4 пен 5 - тің қосындысы 9 бен 5 - тің айырмасы

1 мен 5 - тің қосындысы 7 мен 4 - тің айырмасы

5 пен 4 - тің қосындысы 8 бен 5 - тің айырмасы
Ақеркеде 3 қызыл және 3 жасыл шар бар. Ақеркеде барлығы неше шар бар? (3+3=6)

-Қандай санға байланысты жұмбақ шештік? (6 санына байланысты)


1. Қосылғыштардың компоненттерін атау

2. Азайғыштың комппоненттерін атау




Түсіну

6 ға дейін және кері санау

Ағаштың тапсырмасы.
Көрнекі құралдың көмегімен 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіру.

«Тиіннің орманнан жинаған 5 жаңғағы бар еді. Ол тағы 1 жаңғақ тауып алды. Тиінге жаңғақтарды қосуға көмектес. 5 + 1 = 6


Енді тиін жаңғағының 1-еуін баласына берді. Қалған жаңғақты санауға көмектес. 6 – 1 = 5

Оқулықпен жұмыс



№1 мысал

Бағбан бауға жеміс ағаштарын екті.

Шие ағашы 3 түп ?

Алма ағашы 3 түп

Шешуі: 3 + 3 = 6

Жауабы: 6 түп ағаш отырғызды.





Қолдану

6 санын қосу және азайту кестесін жаз

+ 6 = - 6 =


3 мысал

Есепте.

+ + -


4 есеп



Есепті толықтыр және оны шығар

Бұтақта 7 құс қонып отыр. 2 құс ____________________.

Неше құс ____________________________?
Өзіндік жұмыс.

5 мысал

«Доминодағы» суретке қарап теңдіктер құрастыр және оқы.





Сергіту сәті




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет