Сабақтың тақырыбы 7-бөлім: Тағам және сусын Сыныпта кафе құру



Дата13.08.2017
өлшемі57,03 Kb.
#23374
түріСабақ

Сабақ жоспары


Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын



Мектеп: №46 орта мектебі

Күні: 28/03.17

Мұғалімнің аты-жөні: Наурызбаева С.Ш.

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны: 0




Сабақтың тақырыбы

7-бөлім: Тағам және сусын

Сыныпта кафе құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А4

Астарлы мағынаны болжау

Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру және мазмұндау

Т/А1


Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну

Сабатың мақсаттары

Түрлі мазмұнда қарым қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды .

Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады. (мұғалім көмегімен)


Жетістік критерийлері

Аудио мәтін тыңдау арқылы жаңа сөздермен танысады;

мәтін түрлерін анықтайды;

сұрақтарға жауап беріп мәтін мазмұныны баяндайды.


Сөздік қор

кафе, даяшы, ас мәзірі, тапсырыс, наурыз көже

Құндылықтарды дарыту

Ұжымда жұмыс істеу іскерлігін арттыру, қоғамдық ортада қарым - қатынас ережесін ұстану арқылы, мәдениеттілікке баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,АҚТ пәнімен баланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сыныпта кафе құру. Ас мәзірін құрастырып үйрену

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

5минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру



ОМ анықтап алу

Мәтінді тыңдау арқылы жаңа сөздермен танысамыз

мәтін түрлерін анықтаймыз;

сұрақтарға жауап беріп мәтін мазмұнын баяндаймыз







30минут


(Ұ.Т.)

Балалар жақын уақытта біз қандай мейрамды тойладық?

Бұл мейрамда қалай өткіздіңдер?

Мейрамда қандай тағам түрлерін жедіңдер?

Сендер кафеге бардыңдар ма?

Кафеге барғыларың келе ме?

Ендеше, мен сендерді сыныптағы «Айым» кафесімен таныстырайын.

Біздің кафемізде не бар?

Кафеде кімдер жұмыс істейді?

Олай болса, қазір аудио мәтін тыңдап көрейік.



Мәтін

Наурыз мерекесі қарсаңында атам, әжем үшеуіміз орталық алаңға шықтық. Келе жатып «Айым» кафесін көрдік. Осы кафеден тамақтануды ұйғардық.Әрқайсымыз ас мәзірімен танысып, қалаған тағам түріне тапсырыс бердік. Атам ет тағамын, шұбат, қияр салатына тапсырыс берді. Әжем наурыз көже, қымыз, сәбіз салатын таңдады. Тамақтанып отырып, әжем наурыз көже туралы әңгімесін бастады. Көже жеті түрлі тағамнан наурыз айында дайындалады екен. Оны сүрленген ет, тары,бидай, қарақұмық жармалары және қатық, тұз, су қосып дайындайтынын айтты. Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы тоқ жүреді екен.

Балалар, біз не тыңдадық?

Мәтіннің қандай түрлері бар?

Сендер тыңдаған аудио мәтін мәтіннің қандай түріне жатады?

Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

Оны қалай анықтадық?

Мәтінді тағы бір рет тыңдайық

Шығармашылық тапсырма

Мәтіннен қандай жаңа сөздерді кездестірдіңдер белгілеп отырыңдар.

Орталық алаң, Наурыз мерекесі, кафе, тамақтану, ас мәзірі, тағам, шұбат, қымыз,т.с.с

Сұрақтар қою

Бала Наурыз мерекесі қарсаңында қайда барды?

Оның жанында кімдер болды?

Олар жолдан қандай кафені көрді?

Кафеде олар немен танысты?

Әжесі қандай тағамға тапсырыс берді?

Атасы қандай тағамға тапсырыс берді?

Бала қандай тағамға тапсырыс берді?

Әжесі қандай әңгіме айтты?

(Т. Қ.Б) Белгілеу арқылы.

1 топ.

Наурыз көженің жасалу жолы туралы не білесің? Өз ойыңды айт.



2 топ.

Егер сен кафеге барсаң қандай тағам түрлерін таңдар едің? Неге?



3 топ.

Мәтіннен пайдалы тағам түрлерін туралы өз ойыңды айт.



4 топ

Тыңдаған мәтіннен кездескен тағам түрлерін анықта.(төмен деңгей)




.


Сабақтың соңы

5 минут



Қорытынды

Бүгін сабақта не үйрендік?

Аудио мәтін тыңдадық;

Мәтіндегі жаңа сөздер теріп жаздық;

Сұрақтарға жауап бердік;

Мәтін түрлерін анықтадық.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

мәтін мазмұнын айтуда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

сұраққа жауап береді, өз ойын білдіреді мәтін мазмұнын айтады, жаңа сөздермен танысады – бақылау арқылы белгілеу картасын пайдаланамын

Сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет