Күні: 23.09.2017
|
Мектеп: Мамандандырылған «Дарын» мектеп интернаты
|
Сыныбы: 9 «А»
|
Мұғалім: Зайниддинов Муминжан Шухратович
|
Пәні:Физика
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
§7 Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы жайлы мағлұмат беру
Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалауға баулу
|
Күтілетін нәтиже
|
Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы жайлы мағлұмат алады
Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
|
Негізгі идеялар
|
Осыған дейін біз түзу сызықпен орын ауыстырған кездегі ғана қозғалысты қарастырып келдік. Алайда дененің траекториясы қисық сызық болып келетін қозғалыстар болады екен.
Дененің қисық сызықты трактория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады.
Дененің қисықсызықты траекторияның кез келеген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады.
Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.
|