Оқушыларға авторлар В.А. В. Сухомлинский, Ғ. Орманов туралы деректер бере отырып шығармалары «Ақ шаш» әңгімесі мен «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрету, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыландыру, сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
Мәтіндегі негізгі ойды, тұжырымды сөздер мағынасын ашады. Оқиғаны өмірмен байланыстырады, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.
Түйінді идеялар:
Ананы құрметтеу
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ресурстар
Дәлелдеме, сілтемелер
Қызығушылықты ояту
- Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізлі жылу мен махаббатқа толтырады. Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар әрқайсысы өз күлкілері арқылы өз көңіл - күйлерін білдіреді.