І.Топтық жұмысты ұйымдастыру
|
Топқа бөлуді ұйымдастырамын.
Ақылдылық,жүректілік, қайраттылық деген сөздер жазылған түрлі түсті қағаздарды суыру арқылы топқа бөлу.
|
Сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді.
|
Сабақтың басы
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық тренинг
|
Өткен сабақта біз қай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстық?
Абай кім?
«Абайдың он жетінші қара сөзі» видеоролик көрсету.
Мұғалім сөзі: «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек » -деп ақын атамыз айтқандай,бүгінгі сабақта біз Абай атамыздың даналық сөздері-қара сөзімен танысамыз.
Қара сөз деген не?Абайдың қара сөздері туралы не білеміз?
|
Оқушылар берілген сұраққа жауап бере отырып,топтастырады.
Абай-ақын,философ,аудармашы, сазгер,ағартушы.
Видео арқылы ақынның қара сөз жазудағы мақсатымен танысады.
Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күннің жады мен тақырыбын жазады.
Қара сөз дегеніміз-ғылым туралы философия туралы,дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.
Абайдың 1890-1898 жылдар аралығында жазылған 45 қара сөзі бар.46-қара сөзі аяқталмаған.
Қарасөз-арабтың «ғақлия»деген сөзімен мәндес Ғақлия көркем сөз,асыл сөз,дана сөз деген мағынаны білдіреді.
|