Алматы облысы Ақсу ауданы Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берліқожанова Гүлнар Шалқарбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта!
Сабақтың мақсаты: «Абай-дана,Абай-дара қазақта»
атты поэзия сабағын өткізе отырып,
оқушылардың Абай Құнанбаев туралы
алған білімдерін кеңейту.
Өлеңнің негізгі идеясын ашуға,өлең жолдарынан
өзіндік ой түйіндеуге,өз пікірін білдіруге, өзгенің
ойын тыңдауға,Абай шығармаларын оқып үйренуге
баулу.
III.Сабақтың түрі: Поэзия сабағы
IV.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау.
V. Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреті.
«... Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз...» Абай.
Топтастыру,кесте,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
2. Мақсат қою: Бүгінгі поэзия сабағында сабаққа қатысып отырған ұстаздарға
Абай атамыз туралы не білетінімізді көрсетеміз.
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз. Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған? Дұрыс,Ғылым таппай мақтанба. Абай-ұлы ақын.
Олай болса, мына өлең жолдарына назар аударыңдар.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылменен сана құйған
Қазағымның Абайы.
Ақылменен дана болған
Бүкіл әлем Абайы,-деп Жұмағазы Алмабаев жырлағандай Абай
кім?
Топтастыру: Абай-ақын,Абай-дана,ойшыл,замана суреткері, Абай-кемеңгер,Абай-аудармашы, абай-сазгер, Абай-кемеңгер, композитор.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті
Мұрағып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып,ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон,құбақан құм,құла қырды
Өлеңнің бесігіне бөлеген кім?
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке
Біздермен осы күнге тілдескен кім?
Тай салмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов,Пушкиндермен танысқан кім?
Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы 10-шы тамызда Семей облысы бұрынғы «Шыңғыс болысы,қазіргі Абай ауданында дүниеге келген.
Ұлы ақын атамыз «Қасқа бұлақ» басында киіз үйде дүниеге келген.
Әкесі-Құнанбай, шешесі-Ұлжан, әжесі-Зере. Абайдың азан шақырып қойған аты-Ибраһим.
Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибраһим дейтін шын атын атамай,ел арасында Абай атанып кеткен.
Екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері «Телғара» деп еркелетіпті.
Абай атамыз жас кезінен өлеңді,ән-күйді өте жақсы көрген. Кейін өзі де ақындық жолға түседі. Артына теңдесі жоқ сұлу, мазмұнды өлеңдер,тамаша әндер қалдырады.
Абай атамыз орыстың ғажайып сөз зергері А.С.Пушкиді терең танып, оны қазақ тіліне аударған. Сонымен бірге И.А.Крыловтың мысал өлеңдерін қазақшаға аударған.
Абай он жасқа келгенде Семейге медресеге берген. Парсы,шағатай,орыс тілдерін меңгерген.
1904 жылы 59 жасында қайтыс болған.
Биыл, яғни 2015-ші жылы 10-шы тамызда Абай атамыз 170 жасқа толады.
Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері.
Абай жиырмасыншы ғасырдың Гомері аталған жыр алыбы Жамбылдан « Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?»-деген сұрағына «абай-ақын емес,ол-ғұлама»,-деп жауап беріп
Ақыл,қайрат,білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?-деген екен.
Абай артына қалдырған мол мұрасын оқып, тану, тағлым алу,өзгеге жеткізу біздің міндетіміз.
Ендеше, Абайтанудың біз бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып талдадық. Өмірімен таныстық.
Абай сазгер, композитор ретінде қарастырсақ, 30-дан астам ән,3 күй шығарған екен. Күйлері: «Май түні», «Абайдың желдірмесі», «Торжорға»депаталады. Абай әндері сол заманғы қазақ әндерінен сәл өзгешелеу. Оған себеп,абай орыс әндері мен романстарын көп тыңдап әсер алған жаңашыл жан еді.
Өлеңнен басқа 3 поэмасы,45 қара сөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар.
Абай- шебер аудармашы.
Парсы және араб тілінен көп шығармаларды қазақ тіліне аударған. Соңғы кезеңдерінде орыс тілінен көп шығармалар аударғанн. Пушкин,Лермонтов, Крыловты Абай сүйіп оқып, қазақ тіліне бірқатар шығармаларын аударды. 70-80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Абай-ұлы ақын, кемеңгер,ойшыл,дана адам. Ол-адамгершілігі биік,әділетті жан. Бұл көп жылғы зерттеулерден туған тұжырым. Абай артына қалдырған мол мұраны қайта-қайта оқу арқылы жаңа қырынан танимын. Оның жазған өлеңдері, қара сөздерінің берері мол-тағлым.
Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе-жастар мәселесі. Оның ішінде оларды білім алуға, оқуға,еңбекке,мәдениетке шақыру.
«Әсемпаз болма әр неге»өлеңі.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.
Осы өлең ішіндегі бес жаман іске тоқталайық.
Өсек-бұл пыш-пыш деп біреуді жамандап айтылатын сөз екен.
Өтірік- бұл да өрге баспайды.
Мақтаншақтық- бұл да жаман қасиет.
Бекер мал шашпақ-бұл сырапшыл деген мағынаны білдіреді.
Ал,осы жаман әдеттерге қарама-қарсы Абай атамыз өлеңінде бес жақсы қасиетті таңдайды.
Талап- бұл адамның өз алдына мқсат қойып,болашаққа талаптануы.
Еңбек-еңбексіз дүние жоқ.
Терең ой- бұл білім,ғылымға ұмтылу.
Қанағат-ысырапты болмау.
Рақым- бұл мейірімді болу, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқорлық жасау.
Осы жаман әдеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашақта бізден халық қамын ойлайтын,Отан сүйер азамат шығары сөзсіз7 Сабырсыз,арсыз,еріншек.
Ғылым таппай мақтанба. Екі өлеңдегі сөздерді пайдалана отырып кесте толтыру.
5.Адамның мінез-құлықтары:
Жағымды жағымсыз
1.талап 1.сабырсыз
2.еңбек 2.арсыз
3.терең ой 3.еріншек
4. қанағат 4.көрсеқызар
5.рақым 5.жалмауыз
III. Абай-дана
6. Табиғат туралы лирикалық өлеңдері өзіншебір топтама: жылдың қанша мезгілі болса, осы мезгілдердің бәріне арналған өлеңдері бар. Біз оны ана тілінен жаттағанбыз. Қазір есімізге түсірейік.
1.«Күз» өлеңі
а) Ақын «күз»мезгілі неге№ Кімдерге теңейді?
2. «Қыс» өлеңі
а) Ақын қысты қандай адамға теңейді?
Ақ киімді, ақ сақалды, денелі, мінезі қатал адамға теңейді.
3.«Жазғытұры» өлеңі.
IV. Абай-кемеңгер.
4.«Жаз» өлеңі.
7. Абайдың сонымен бірге көлемі қысқа болғанмен,мағынасы терең елуге жуық қара сөздері бар.
Он сегізінші сөз
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздымғой демектің бәріде ақымақтық.
Жиырма бесінші сөз
Құдайдан қорық,пендеден ұял,балаң бала болсын десең-оқыт,мал аяма. Әйтпесе,бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетерме,өзі рақат көрерме,яки жұртқа рақат көрсетер ме?
Отыз екінші сөз
Адам көңілі шын мейірленсе, білім ғылымның өзі де мейірленеді,тезірек қолға түседі. Шала мейір, шала байқайды.
Екінші, ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен, білмек үшін үйренбек керек...
Дүние де өзі,мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Отыз үшінші сөз
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды,өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлік-қазақтың әулиесі сол.
V.Абай-аудармашы
Қазір біз Абай атамыздың И.А.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңін тыңдайын.
Рөлге бөліп оқитындар:
Автор-Еркін Жалын
Түлкі-Еркінбек Бәтима
9.Топтастыру. Абай
10.Қорытынды сөз: Абай атамыз айтқан екен үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек.
-Яғни, ыстық қайрат-бұл еңбек,егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол.
Ал,ақылың нұрлы болсын дегені-сенің ақылыңның нұрынан басқалар шуақ алу керек.
Ал жылы жүрек дегеніміз-бұл қайырымдылық.Біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек,жақсы адам боламыз.
VI.Абай-композитор
11. Ән тыңдау: ,,Желсіз түнде жарық ай,,
Сабаққа қатысқан балаларға рахмет айту
Сабаққа қатысқан ұстаздарға сөз беру
Балаларды марапаттау
Достарыңызбен бөлісу: |