Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі
1. Авторы
2. Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы.Бұл –
шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз белгілі дәуірдегі
қоғамдық шындықтың сәулесі.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең).Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4.Идеясы - автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде ,оны өз көзқарасы, өз
дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.Сол арқылы мақсат,мүддесін,арманын білдіреді.
5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
5.1. Бір шумақты
5.2. Екі шумақты
6.Тармақ - өлеңнің әр жолы.
6.1. Екі тармақты
6.2. Төрт тармақты т.б.
7.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
Б уын саны - сөздің құрамындағы дауысты
дыбыстардың санына байланысты
8.1. 3-4 буынды
8.2. 6-7 буынды
8.3. 8-9 буынды
8.4. 11-18 буынды,т.б.
8.5. Аралас буынды
9.Ұйқас
9.1. Қара өлең ұйқасы(-а-а-б-а)
9.2. Шұбыртпалы ұйқас (-а-а-а-а)
9.3. Ерікті ұйқас (а-б-в-г-д)
9.4. Кезекті ұйқас (-а-б-в-б)
9.5. Шалыс ұйқас (-а-б-а-б)
9.6. Егіз ұйқас (-а-а-б-б)
9.7. Аралас ұйқас (-а-а-б-в-б-в-б-б-б)
10.Әдеби теориялық ұғымдар
10.1. Троп
10.2. Фигура
11.Түсіндірме сөздік
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |