Ангелина - Түлкі: «Сенің жүнің де керемет, әнің де керемет екен, маған бір ән салып берші! »
Никита- Автор: Деп мақтайды . Жалған мақтауға қарға сенеді.
Қарға: «Қ-а-р-қ»
Никита-Автор:дегенде тұмсығындағы ірімшік «салп» етіп жерге түсіп кетеді.Қу түлкі ірімшікті қағып алып , кетіп қалады. Сөйтіп мақтаншақ қарға түлкіге алданып аузындағы ірімшігінен айрылып қалады. Достар, түлкі сияқты қу және қарға сияқты мақтаншақ болмайық.
Лиза:И.Крыловтың «Қарға мен түлкі»мысалының түйіні Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба » өлеңіндегі мына нақыл сөзбен мәндес келеді:
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
\
Достарыңызбен бөлісу: |