Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан түрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан.
Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болдыма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
2. “Сергіту сәті” (ОқушыларАбай бір шумақ әнін тыңдап,өздері жалғастыру қажет)
ІІІ. Ой толғаныс сатысы
Топтастыру «постер»
3. “Еркін жазу” стратегиясы.
Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?
Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Достарыңызбен бөлісу: |