Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер
Сабақтын мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту,музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту қабілеттерін жетлдіру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауып, топтастыру,
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Абайдың портреті, баян аспабы, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту:
Музыкамен амандасу.
Үлкендерге сіз
Кішілерге біз
Әдеппенен бас иіп
Салембердік біз
-Енді көршілеріңе қарап бір -біріңе жақсы тілек айтыңдар.
(оқушылардың сабаққа қатынастарын, оқу-құралдарын тексеру)
-Олай болса тақтаға назар аударайық.
- мына қағазға жазылған сұрақтарға жауап берсеңіздер астынан сиқырлы сурет шығады.
1. Сал, сері дегеніміз не?
2. Ақан серінің шын аты кім?
3. Біржан сал кіммен айтысты?
4. "Қыз Жібек" фильмінде әні шырқалған қомпозитор?
5. "Ақсиса" кімнің әні?
- Ал енді қарайық, қандай сурет шықты екен
-Бұл кім балалар?
-Ендеше бүгінгі күннің жадын жазайық.
Қазанның жиырмасы.
Абай салған сырлы әндер
-Олай болса Абай Құнанбаев туралы ойларыңызды Галиева Орынша Ахмедқайырқызымен бөлісіңіздер.
II.Мағынаны тану:
Абай Құнанбаев (1845-1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Оқушыарға Абайдың туған жері, өмірі туралы бастауыш сынып мұғалімі түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)
- Абай деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді.
Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың алдына мәтін таратылады, оқып талдау.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды.Абай сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
Сазгерлік шығармашылығы
– Абайдың 28 әні бүгінге жеткен. «Сегізаяқтың» – сегіз, «Көзімнің қарасының» – төрт, «Сұрғылт тұманның» – үш, «Евгений Онегиннің Татьянаға жазған хатының» үш вариантын қосып санағанда 64 ән, үш күйі бар. Күйлері сахнада ойналмайды. Абайдың әндері деп «Бойы бұлғаң», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», сондай-ақ Лермонтов арқылы Гетеден аударылған дүниелерін айтамыз. Баласы Тұрағұлдың естеліктеріне қарағанда, Абай кез келген өлеңін ыңылдап отырып жазған. Соған қарап зерттеушілер «Абайдың өлеңдерінің бізге жетпеген басқа да әуендері бар шығар деген ой туады» «Торыжорға», «Май түні», «Майда қоңыр», «Желдірме» атаулы күйлері бізге жеткен.
Күй тыңдау: Абайдың күйі "Торыжорға" тыңдау
. Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т.б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
Ән тыңдау: Абайдың әні "Сегіз аяқ" тыңдау.
Абайдың ғарышта шырқалған әні- «Көзімнің қарасы» .Оны миллиондаған халық тыңдаған.Тыңдаған адамдар әннің тілін түсінбесе де,оның туған Отанмен байланысып жатқанын іштей сезінген болатын.Әннің байсалды сипаты,кең тынысты әуені,жай екпіні,қазақ халқының болмысын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Абайдың бұл әні миллиондаған халықтың жүрегіне жол тапты.Алғаш ғарышта қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев орындаған.
Достарыңызбен бөлісу: |