...
ТАҚЫРЫПТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
Тақырып: «Шәкәрім Құдайбердіұлы»
Сабақ түрі: теориялық сабақ
Меңгеру деңгейі: танысу
Сабақ типі/түрі: жаңа оқу мәліметтерін оқу сабағы / мультимедиа құралдарын қолдану арқылы дәріс өту.
Сабақ ұзақтығы: 90 мин.
Сабақ мақсатының мотивациясы
Өмірі мен шығармашылық ізденістерінің кең ауқымдылығы мен алуан түрлілігі, Абайдың шәкірті және оның дәстүрін жаңа өрістерге бағыттап, дамыта жалғастырушы екені. Тойшыл, оқымысты, философ. Өлеңдері: «Жастарға», «Кел, жастар, бір түрлі жол табайық», «Насихат», «Дүние мен өмір», «Жастық туралы».
Мақсаттары:
Білімділік:
• Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық:
• сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзия сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзияға деген құмарлықтарын ояту;
• ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу.
• оқушыларды өз беттерінше әрекет етуге үйрету, өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білу дағдыларын дамыту;
• оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, дербестігін, көңілін, еңбексүйгіштігін дамыту;
Тәрбиелік:
• оқушылардың білім алып қана қоймай, халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіру;
• орындаушылық, еңбексүйгіштік сезіміне тәрбиелік жағдай жасау;
• жауапкершілік, міндеттілік сезімін арттыру;
• адамгершілік, эстетикалық, рухани қасиеттерін арттыру.
Пәнаралық байланыс:
• Тарих
• Қазақ тілі
• Ән
• География
Оқытудың техникалық құралдары:
• Аудио-визуалды құралдар;
• Компьютерлік құралдар;
• Мультимедиалық құралдар.
Ақпараттық қамтамасыз ету.
Негізгі әдебиеттер:
• С.Қирабаев. Қ.Мырзағалиев. Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы–ХХ ғасырдың басы.
• Қ.Әбдібаев, З.Қабдолов. қазақ әдебиеті (11-сыныпқа арналған оқулық)
• С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті 1-2 бөлім.
• Ұ.Асылов. Хрестоматия. 11-сынып.
• Ә.Шәріпов, С.Қирабаев. Хрестоматия 10-сынып
• Ұ.Асыл. Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасыр) Хрестоматия.
• Ұ.Асыл, Т.Жұмажанова. Қазақ әдебиеті
Интернет-құралдар және электронды әдебиеттер:
• http://adebiet.kz/
• http://tarihi-tulgalar.kz/category/akyndar-zhazushylar.html
• http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/
• http://1referat.kz/category/kazak-adebieti
• http://www.massagan.com/oleng.php
• http://ikitap.kz/kk
Әдістемелік қамтамасыз ету:
• дәріс конспектісі;
• дәрістің мультимедиалық презентациясы;
• сұрақтар, карточкалар;
• тесттік тапсырмалар;
• оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар.
Үй тапсырмасы:
• дәріс конспектісін толық меңгеру;
• өткен тақырып бойынша сұрақтар құрастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |