Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»



бет7/7
Дата08.09.2017
өлшемі3,36 Mb.
#30146
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ХІ Қоржын

Тапсырма:

Қоржынға:



  • өзіңіз орындаған тапсырмалардың жауаптарын;

  • жазба жұмыстарыңызды;

  • салған суреттеріңізді жинақтап салыңыз.



Алтын сандық

Қосымша мәліметтер

Өлең 1888 жылы жазылған.



Қосымша мәлімет.

«... Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды...

Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайындағы ойын Абай «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» (1888) атты өлеңінде тереңдете түседі. ... ақын қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруге күш салады.

Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы, тыңдаушы тәрбиелемек болады. Бұл – Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген үлкен жаңалығы». (Қазақ әдебиеті Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. 10-сынып. 179-181-беттер)



Қосымша мәлімет.

«Өлеңнің мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақтар мен Мүрсейіт қолжазбалары (1905, 1907, 1910) бойынша басылып отыр.

Үшінші шумақтың үшінші жолы 1909 жылғы басылуына қарап:

Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған, - деп жіберілді.Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында:

Бұрынғы жақсылардан қалған мирас, - деп жазылыпты.

Осы үшінші шумақтың соңғы жолы Мүрсейіт қолжазбалары негізінде:



Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара, - деп алынды. Бұл жол

1909 жылғы жинақта:



Биде тақпақ, мақал бар, ойлап қара, - деп басылыпты.

Сегізінші шумақтың үшінші жолы 1909 жылғы жинақ негізінде:



Сүйенерлік адамды құрымет қыл, - деп берілді. Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында:

Сүйенерлік адамға сөз қызмет қыл, -деп жазылыпты. Ал 1933 жылғы жинақта:

Сүйенерлік адамды сүй, қызмет қыл, - деп беріліпті.

Оныншы шумақтың екінші жолы 1909, 1922 жылғы басылымда да , сол секілді Мүрсейіттің 1907, 0910 жылғы қолжазбаларында да:



Шортанбай, дулат пене Бұқар жырау,

Өлеңі бәрі – жамау, бәрі – құрау, - деп оқылады.

Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасында:



Шортанбай, дулат пене Бұқар жырау,

Өлеңі бәрі – жамау, көбіі – құрау,- делінген. Ал бұл жол осы басылымда 1933, 1954 жылғы жинақтар негізінде:

Шортанбай, дулат пене Бұқар жырау,

Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау, - деп қабылданды». (Абай Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толық жинағы, «Ғылым» баспасы, 1977 жыл. І кітап, 371-372-беттер)

Қосымша мәлімет.

«Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) - Әнет руынан шыққан, молда. Абай өлеңдерін қағазға түсіруге көп еңбек сіңірген адам. Мүрсейіт қолжазбалары арқылы Абай шығармаларының көпшілігі бізге жетіп отыр. Қазір біздің қолымызда Мүрсейіт жазған үш қолжазба бар (1905, 1907, 1910). Оның екеуі Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми кітапханасында (1905, 1910), үшіншісі (1907) Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалды музейінің фондында. 1909 жылы Абай басылымының өлеңдерін осы Мүрсейіт дайындаған (көшірген). (Абай Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толық жинағы, «Ғылым» баспасы, 1977 жыл. І кітап, 438-бет)

Қосымша мәлімет.

Әдебиет теориясы. Эпитет.

«…айқындау, яғни эпитет (грекше epitheton – қсымша) - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз...Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. ...Эпитет --- өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді»

Зейнолла Қабдолов, Сөз өнері (Әдебиет теориясының негіздері) «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976, 224-227-беттер.

Қосымша мәлімет.

Әдебиет теориясы. Метафора.

«Құбылтудың бір түрі – ауыстыру, яки метафора (грекше metapora – көшіру) – сөз өңін өңдендіре, өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге эатқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, әсерін күшейту».



Зейнолла Қабдолов, Сөз өнері (Әдебиет теориясының негіздері) «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976, 229-230-беттер.

ІІ Абай тілінің сөздігі

Қаралы

Азалы, қайғылы.

Қынаменде

Күйеу жігіт қалыңдық отауына алғаш келгенде жасалынатын жастардың ойын-сауығы.

Өрнек

  1. Оюлы бедер, әшекей, нақыш.

  2. Ауысп. Үлгі, өнеге, тәжірибе.

Елең-селең

Селтең-селтең етіп бос жүрушілік.

Үдда

Күш, шама, шек. «Хадд» деген сөзден өзгерген болу керек.

Қас

Нағыз, тым, аса; қаса.

Сүйенерлік (сүйе)

Құлап кетпеу үшін бір нәрсеге тіреп қою, демеу. Ауысп. Біреуді жақтау, қолдау.

Құрымет

Құрмет.

Көрінеу

Ашықтан-ашық, анық, айқын.

Мақсұт

Мақсат.

Ұстарту

Ұштау, шыңдау, жетілдіру. Тіл ұстартты – дұрыс сөйлеуге, шешендікке үйрет.



ІV «Абайды оқы, таңырқа»

Құнды сөз


Метафоралар:

дүние есігі

сөздің ұнасымы

сөздің жарасымы

сөздің қадірі

наданның көзі

наданның көңілі

Көркем эпитеттер:

жаралы жүрек

көзді көкірек

ыржаңшыл жұрт

бұрынғы жақсылар

қас надан

орайлы жарасым

тәтті сөз

сүйенерлік адам

сөз танырлық кісі

сөз таныр кісі

түзу мағына

түгел сөз



Құнарлы ой

Өлеңдегі бейнелі, айшықты сөз тіркестері:

  1. Біреудің кісісі өлсе – қаралы

  2. Қаза көрген жүрегі жаралы

  3. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл

  4. Жақсылардан өрнек қалған

  5. Биде тақпақ, мақал бар

  6. Қарны тоқ, қас надан

  7. Қадірін жақсы сөздің білер жан

  8. Көкірегі болса көзді

  9. Сөз танырлық кісі де аз

  10. Түгел сөзді тыңдауға жоқ.

V Зерде
1. Салыстырмалы талдау

Ой үндестігі

«Өлең – сөздің патшасы, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол» «Мен жазбаймын өлеңді

сөз сарасы» өлеңі өлеңі ермек үшін» өлеңі




Өлеңдегі ақын мақсаты: Өлеңдегі ақын мақсаты:

Абай бұл өлеңінде өлең сөздің Абай бұл өлеңде өзінің өлең жазу-

қасиеттерін сөздің патшасы, дағы мақсаты – көңілі сергек, көзі сарасы екендігін, тілге жеңіл, ашық жастарға үлгі беру үшін және

жүрекке жылы тиетін , айналасы оларға өлең сөздің, тілдің құдіреті

теп-тегіс, жұмыр келуі керектігін арқылы тәлім-тәрбие беру екендігін,

саралап айтып, тыңдаушының әсіре қызылға емес, түбі терең сөздің

көбі сөз парасын танымайтын сырын көріп, ұғынуға, өзгеге де, өзіне

надан екенін , сөз арасын бөтен пайдасы жоқ сөзден аулақ болуға сөзбен былғаған ақынның білімсіз үндеу, тәрбиелеу.

бейшара екендігін сынайды.


Өлеңдегі ақын мақсаты:

Абай бұл өлеңде адам өміріндегі

өлеңнің мәні, дүниеге келгеннен

бастап, көз жұмғанға дейінгі ара-

лықтағы өлең мен адам арасындағы

тығыз байланысты, өлең айтудағы

ақынға қойылатын міндеттер мен

талаптар туралы өзінің ойы мен



көзқарасын айтуды мақсат еткен.
Түйін. Ақын үш өлеңде де өлең өнері туралы ойларын жазған, әр өлеңде өлеңнің әр түрлі қырын ашады.

Бірінде өлеңнің ішкі мазмұны мен сыртқы үйлесімі туралы, бірінде өлеңнің адам өміріндегі маңызы

туралы, енді бірінде өлең шығаруда ақынға қойылатын талаптар туралы ойын баяндай отырып

өлең жазудағы мақсатын былай түіндейді:

Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.

2. Топтастыру












3. Абайдың сөзден салған өрнегі


1. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін.

2. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей

3 . Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

4. Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

5. Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол?

6. Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

7. Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы?

8. Қарыны тоқ, қас надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар көкірегі болса көзді.

Қадірін жақсы сөздің білер жанға

Таппай айтпа оған да айтар кезді.

9. Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,

Нең кткді жақсы өлең сөз айтқаннан?

Сүйенерлік адамды құрымет қыл,

Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.

10 . Көп топта сөз танырлық кісі аз-ақ,

Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.

Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,

Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.

11. Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуелбаста-ақ.

12. өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

13 .Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

14. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы?

15. Қобыз бен домбыра алып топта сайрап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз кәдірін жұртты шарлап.

16. Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,

Сендерге де келейін енді аяңдап.

4. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі



«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол»

өлеңі


Әр тармақтағы

буын саны – 11
Әр тармақтағы

бунақ саны - 3
Әр шумақтағы

тармақ саны - 4
Өлеңдегі шумақ

саны - 15
Ұйқасы А А В А

(қара өлең ұйқасы )
Өлеңге анықтама
Әр тармағы 11 буын,

3 бунақтан, әр шумағы

4 тармақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен жазылған

15 шумақты өлең

Әр тармақтағы

буын саны – 11-12
Әр тармақтағы

бунақ саны - 3
Әр шумақтағы

тармақ саны - 6
Өлеңдегі шумақ

саны - 5
Ұйқасы А А В А С А

(аралас ұйқас)
Өлеңге анықтама
Әр тармағы 11-12 буын, 3 бунақтан,

әр шумағы 6 тармақ- тан тұратын, аралас ұйқаспен жазылған 5 шумақты өлең

Әр тармақтағы

буын саны – 11
Әр тармақтағы

бунақ саны - 3
Әр шумақтағы

тармақ саны - 4
Өлеңдегі шумақ

саны - 11
Ұйқасы А А В А

(қара өлең ұйқасы
Өлеңге анықтама
Әр тармағы 11 буын,

3 бунақтан, әр шумағы

4 тармақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен жазылған 11 шумақты өлең



VІ Таразы

Сынақ тапсырмасы

Дұрыс жауабы:
1 - B 6 - E 11 - D 16 - E 21 - D 26 - C

2 - C 7 - C 12 - C 17 - C 22 - C 27 - D

3 - D 8 - B 13 - E 18 - D 23 - E 28 - A

4 - E 9 - C 14 - C 19 - B 24 - C 29 - B

5 - B 10 - D 15 - E 20 - E 25 - A 30 - D
VІІІ Еркін жазу - «Жазғым келгені…»
Абай десем...

(эссе)


Абай десем, ойыма күллі адамдық қасиеттер, адам өміріндегі қазіргі күндегі қазақ халқының мақтанышы, кешегі мен бүгінгі күнді жалғастырып тұрған көркем шығармалар, біздің рухымызды көтеретін қасиетті күш ойыма келеді. Неге деп ойлайсыз? Себебі Абайсыз халқымыздың тарихы жұтаң болар еді, болашағымыз мәнді де, сәнді де болмас еді. Жалпы, ҚазақтыАбайсыз, Абайды қазақсыз елестете алмаймын...

Абай – біз үшін, әр қазақ үшін, мәңгілік оттай лаулап жанған, судай мөлдіреген, теңіздей толқыған, мұхиттай түпсіз терең, ғажайыбы зеңгір көктей тылсым, ойлары жердей ауыр, сөздері сыры терең тұңғиық, кез келген адам тұнығынан қанып ішуге шамасы жете бермейтін, әр оқыған сайын көкірегің ашылып, тың ойлар мен беймәлім күштер қуат беретін ұлы құбылыс. Адамдық қасиеттерді саралай отырып, оларға ерекше мән беріп, сол заман адамдарының мінез-құлықтарына жаны ашыған Абай, шығармаларында ашық бейнелейді. Ол шығармалар қазір әрқайсымыздың көкейімізде жатталып қалуы тиіс... Бұл шығармалардан өмірімізге сабақ алып, шындықты, әділеттілікті шыңдай отырып, «толық адам» болып өсуге, өнуге тырысамыз.

Абай десем, кеудемдегі жүрегім тыныштық таппай, ол туралы айтқысы келе береді, келе береді.

Абай десем, қолым қалам алып, ол туралы жаза бергім, жаза бергім келеді.

Абай десем, тілім орнында тұрмай, сөйлей бергісі келеді, сөйлей бергісі келеді

Абай десем, көздерім жаутаңдап, санам шарқ ұрып алаңдайды, құпиясы көп осы бір ғажайып ұлы тұлғаны, дана адамды көргісі келеді.

Абай десем... Абай десем... Абай десем... Абай десем, оның құдіретн сипаттауға тіл байлығым жетпес, жазсам, оның тұлғасын айқындай аларлық сөз таба аллмаспын, ал көрсем, көздерім қуанышқа қанбай қалар ма?!

Боранбаева Гүлдана

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет