Сабақтың тақырыбы Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері



бет4/5
Дата23.09.2024
өлшемі229,39 Kb.
#204955
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№5 7 3 2 2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына (1)

(Жеке жұмыс) Тапсырма 3 «Жағдаят». Берілген жағдаятты түсіндіріп көріңіз.
Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым тырақай босып, үдере көшеді. Сонда жалғыз - ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қонтайшысы батырларын жұмсап:
- Анау жалғыз үй неғып көшпеген? Барып біліп келіңдер! - дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері әкіреңдеп:
- Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?- дейді. Төле би олардың алдынан шығады.
- Жігіттер, сабыр етіңдер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі.
- Енді тыңдаңдар!- деп сөз бастайды Төле би.
- Шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш қасиетті құс. Адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме? Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да қорғап қалған осы қарлығаш. Мен жау келді деп, үйімді жығып, оның ұясын бұзып, балапандарын шырылдатар жайым жоқ!. "Біреудің үйін қирату дұрыс емес", - деді ақсақал.
Қонтай ақсақалдың даналығы мен батылдығына таң қалып, жауынгерлеріне: "Ол өте дана адам. Оның үйін қалай бұзуға болады? Оған және оның үйіне, сондай-ақ оның ауылының ешқайсысына қол тигізбеңіз".

Қазақ халқының табиғатты құрметтеуі қандай дәстүрлер мен сенімдерде көрініс тапқан?


Табиғатты қорғау қазіргі кезде ұлттық тәрбие ретінде қалай жүзеге асырылуда?
Мәтіндегі ". "Біреудің үйін қирату дұрыс " мақалын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.



Жағдаятты талқылайды



Дескриптор
Дескриптор:
- Мәтіннен қазақ халқының табиғатты қорғауға байланысты дәстүрлерін анықтайды- 1 б
Табиғат қорғау дәстүрін қазіргі ұлттық тәрбиемен байланыстырады-1б
Мақалдың мәнін түсіндіріп, табиғаттың киелігіне қатысты ойын білдіреді-1б

Акт

Акт




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет