Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау,
танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық көзқарастарын қалыптастыруға баулу.
Тәрбиелік: Абай тағылымдарынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге
ұмтылуға, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлы ойшылдың насихат сөздеріндегі өмірлік тағылымдардың мағынасын ашып, бүгінгі өмірге байланыстылығын жете түсіндіру. Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ. Ғылыми негіздегі іздену.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, слайдтармен жұмыс, басқа пәнннен алған білімін пайдалана отырып, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: видео үзінді, портреттер, қанатты сөздер, сызба, кесте (слайд негізінде).
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, өмірмен байланыс
Пайдаланылған әдебиеттер: Күнқожаев Н. Р. “Адам және Қоғам” Алматы, 1998 ж.
Игенбаева Б. Қ. «Мен - Адаммын» Алматы, 2000 ж.
Арын Е. М. «Человек и общество» Алматы, 2003 ж.
Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру (сабақ ережесі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Адамның пайда болуы туралы теориялар және ғылыми фильмнен үзінді.
3) Сұрақ – жауап.
4) Слайдтармен жұмыс: Абай тағылымы 5) «Баға беру» ойыны.
6) Бала сезіміне бақылау жасау.
7) Қорытынды.