"ЖАЛҚАУБЕК"
ІV. ЖАҢА САБАҚ
- Балалар , дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазамыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Адамның нашар мінезі"
Сабақты түсіндіру жоспары:
1. Автор туралы мағлұмат беру
2. "Ызақор" өлеңін оқу. Сөздік жұмысын жүргізу
3. "Еріншек" өлеңін оқу. Ассоциация жасау
4. Жағымсыз қасиеттерден арылудың жолдарын көрсету
5. Слайдтар бойынша әңгімелесу
1. Ш.Құдайбердиев- 1858 жылы 11 шілдеде Семей облысының Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді - ел билеуші аға сұлтан Құнанбай Өскенбаевтың баласы, Абайдың туған ағасы.
Шәкәрім өз бетімен көп оқып, рухани қазыналарға тереңірек үңіліп, білім-ғылымның қадір-қасиетін терең түсінуге ден қояды
2. "Ызақор" өлеңін оқу.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар
- Өлеңдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді табу
- Өлең нақты біреуге арналып жазылған ба?
- Кімдерге арналған?
- Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.
3. "Еріншек" өлеңін оқу. Ассоциация жасау
"Еріншек"
Сөздік жұмысын жүргізу
Харакет-әрекет
СЛАЙДТАР БОЙЫНША ӘҢГІМЕЛЕСУ
V. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар өлеңдерді оқып, сұрақтарға жауап береді.
1. Ақын ызақор адам мінезін қалай суреттейді?
2. Оның ашу-ыза жайлы айтқанын қалай түсіндің?
3. Ақылды адамдар қандай болады?
4. Ақын еріншекті қалай суреттеген?
5. Жаман мінездерден қалай арылуға болады?
6. Адамның жақсы мінездері мен жаман мінездерін екі бағанға бөліп жаз.
(оқушылар дәптерлеріне орындайды, сонан соң интерактивті тақтада)
VІ. САБАҚТЫ БЕКІТУ.
Ш.Айманов атындағы киностудиясы түсірген "Дастархан" мультфильмі
Бейнесюжеттегі кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге, жаман қасиеттерден арылуға талпындыру.
ҮІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Мақалдардың мазмұнын талда
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Елгезек екі айтқызбайды.
Жақсы балаға айтсаң - білер,
Жаман балаға айтсаң - күлер.
VІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ.
Сабаққа қатысу белсенділіктерін талдай келе, оқушылардың білімін бағалау.
ІХ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
1. Өлеңдерді жаттау
2. Адамның мінездері туралы іздену, тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жазу.
ӨЗІНДІК ТАЛДАУЫ.
Сабақта алдыма мынадай мақсаттар қойдым:
1. Әдебиеттік оқу пәніне қызықтыру.
2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
3. Оқушылардың бойында мейірімділік, бауырмалдық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту
Көрнекіліктерден дидактикалық материалдар, бейне сюжеттер, суреттер, интерактивті тақта пайдаландым.
Ашық сабақ информатика кабинетінде өтті. Класстың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Үй тапсырмасын тексеру 10 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру. 25 мин.
ІІІ бөлім. Тақырыпты қорытындылау. 10 мин
Бірінші бөлімінде оқушылардан үйге берген тапсырманы сұрадым.
Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, сабақ құралдары бәрінде бар. Оқулықпен жұмыс жасағанда, оқушылардың оқып келгені, үй тапсырмасын жақсы игергендері байқалды, сыныптағы оқушылардың көпшілігі шығармашылық тапсырмаларды орындап келген. Жазып келген эсселерімен сыныпты таныстырды. Бұл тапсырмада оқушылар белсенділіктерін көрсетті. Адам әрдайым таза және ұқыпты жүру керектігі туралы қорытынды жасады. Адалдық деген сөздің мәнін толық игерді.
Жаңа сабақтың алдында сергіту сәті өткізілді.
Р. Рымбаеваның орындауындағы "Жалқаубек" әніне оқушылар серігіп, жаңа сабаққа көңілді күймен ұмтылды.
Негізгі бөлімде, "Адамның нашар мінезі" атты әңгімемен таныстық.
Сабақ жоспар бойынша жүргізілді, алдыма қойылған мақсаттар толық қамтылды, оқушылар осы тақырыпқа қызығушылықтарын байқатып, өздерінің ойларын ашық жеткізді.
Сабақты жүргізу барысында техникалық құралдар пайдаланылды, дәптермен жұмыс жүргізілді. Балалардың сөздік қоры байытылды.
Осы сабақтан адамгершілік, имандылық, мейірімділік қасиеттері адамның бойындағы ең негізгі екеніне көздері жетті.
Үшінші бөлімінде, бейнесюжетті талқылағанда, қонақ болып келген адамның теріс қылықтарын сынады, жат қылықтардан аулақ болу керектігін тағы да аңғарды. Абзалдың мейірімділігіне, қолындағы соңғы затын қонағымен бөлісетініне тәнті болды. Бойындағы жақсы қасиеттерімен әр бір адам әрқашан жеңіске жететіне , ал жаман қасиеттер жерге қарататынына көздері жетті.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды.
Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жұмысымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.
Пән мұғалімі: Ж.Айдыханов
Дене тәрбиесі пәнінен «Төменнен тура, бір бүйірден допты ойынға қосу. Жоғарыдан және төменнен екі қолымен допты қабылдау және беру» тақырыбында өткен ашық сабағының талдауы.
10-сынып
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Ж.Айдыханов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды волейбол ойынын ойнауға қызықтыру.
2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық
сезімдерге тәрбиелеу.
- Ең бастысы сабақтың құрылымы дұрыс құрылған. Сабақ басында сабақтың мақсаты айтылып, оқушылар мен спорт залдың дайындығы тексерілді. Сабақ өткен орынның санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсы, таза, жарық. Оқушылар түгелдей сабаққа дайын, спорттық киімдері талапқа сай. Оқу материалы бағдарламалық талаптарға сай, сабақты өткізу жағдайы, оқушылардың дене даярлығына сәйкес дайындалған. Сабақ уақытылы басталып, уақытында аяқталды. Кезекші оқушылардың күнделікті рапорт беруі жолға қойылған. Сабақтың бөлімдері бойынша уақыт тиімді бөлінген. Негізгі жұмысты орындауға оқушылар ағзасын даярлау реттілігі дұрыс анықталған, іріктелген дене жаттығулары мен іс-әрекеттердің негізгі міндеттерді шешуге сәйкес. Үйрету әдістері оқушылардың материалды меңгеруіне қолайлы болды. Мұғалім жаттығуларды өзі немесе оқушының өзіне жасатып, көрсету арқылы тиімді әдіспен түсіндіре білді. Үйренген жаттығулар мен допты алу тәсілдерін оқушылар сапалы, әрі белсенді түрде орындай алды. Денеге түсетін жүктеме оқушылардың мүмкіндіктерінен асқан жоқ. Оқушылардың қозғалыс қасиеттерін дамытуда доппен бірнеше тиімді жаттығулар орындалды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғары екендігі байқалды. Оқушылар қатарынан дайындалған көмекшілер мұғалімге тиісті дәрежеде көмек көрсете алды. дене жаттығуларын орындау кезінде және доппен жаттығулар орындалғанда техника қауіпсіздігі сақталды. Негізгі бөлімде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды оқушылар жақсы меңгере алды. Мұғалім допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6-7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп беруді үйретті. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығыз байланыста өтті. Мұғалім дене шынықтыру пәнінің маңызы мен қызметін баса көрсете білді. Мұғалім оқушыларды еркін меңгере білді, теориялық білімінің жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Оқушылармен қарым-қатынасы ынтымақтастық, еркін сипатта болды. Сабақ жүйелі әрі тартымды өтті. Сабаққа қойылатын барлық педагогикалық талаптар орындалды.
Сабақтың дамыту, тәрбиелеу, білім беру мақсаттары толық орындалды. Сабақ өз мақсатына жетті және «өте жақсы» деген бағаға лайық.
Шет тілдер бірлестігінің жетекшісі: Басыгараева Шырын
-Сабақ жоспарға сай дұрыс жоспарланған, сабақтың құрылымы дұрыс сақталған. Сынып оқушылары сабаққа дайын болды. Жаттығулар дұрыс іріктелініп алынды, оқушылардың жүктемесі өз мүмкіндіктерінен асқан жоқ, жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Сабақта қауіпсіздік ережелері сақталды. Сабақ биология, АӘД, физика пәндерімен байланыстырылды. Волейбол ойнаған кезде оқушылардың тақырыпты түсінгендері белгілі болды. Сабақ өз мақсатына жетті.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Узакбай Есенович Серикбаев
- Сабақ жүйелі түрде өткізілді деп айтуға болады. Сыныптың, спорт залдың сабаққа дайындығы жоғары деңгейде. Оқушылар жаттығуларды талапқа сай орындап отырды. Сабақ басталысымен мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаттарымен таныстырып өтті. Сабақтың маған ұнаған тұсы волейбол спорттық ойынының маңызы мен пайдасы туралы ашып айтылды және әйгілі волейболшылар мен әйгілі командалар жайында да мағлұматтардың мол болуы. Мұғалім арнайы жаттығулар мен жанама жаттығуларды дұрыс таңдай алған, оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, сабақ процесіне тиімді қолдана алды. Оқушылардың денесіне түсетін жүктеменің мөлшері, жаттығулардың қайталану саны, екпіні, тапсырманы орындау ұзақтығы талапқа сай. Сабақ өте тартымды өтті. Мұғалімнің сөйлеу терминологиясы, команданы пайдалану біліктілігі жоғары деңгейде. Оқушылар волейбол ойнын ойнау кезінде допты дұрыс алу тәсілдерін меңгере алды және дұрыс бағаланды. Мұғалім мақсаттарына толық жетті деп айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |