10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
Сабақтың мақсаты:
Білім алушылармамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады. Сонымен қатар белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.