- Сабақтың тақырыбы:Африка материгі тарауы бойынша қайталау.
- Мақсаты:Африка материгі бойынша өткен тақырыптарды,географиялық орнына,тарихына жер бедері мен климатына және ішкі сулары мен табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
- Дамытушылық:Оқыту барысында әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын арттыра отырып,көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.Географиялық ой-өрісін арттыру және картамен,кескін картамен жұмыс жасауға икемдендіру.
- Тәрбиелік:Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.Географиялық мәдениетке тәрбиелеу.
- Көрнекілік:Дүниежүзінің физикалық картасы.Атлас,кескін карта,слайд,интерактивті тақта.
- Түрі:Аралас ойын технологиясын қолдану.
- Әдіс-тәсілдер:сайыс сабақ,топпен жұмыс .
- Пәнаралық байланыс:тарих,математика.
- Сабақ барысы:
-
- Сабақ барысы:
- Cабақ жоспары:
- 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2мин.Оқушы амандасу,түгендеу топқа бөлу,сергіту сәті.Барлық оқушылар тұрып бір-бірінің қолдарынан ұстап сәттілік тілейді.
- 2.Қызуғушылықты ояту.
- 1.Ширату сайысы
- 2.Карта оқиық
- 3.Тұлғаны танып біл
- 4.Картографиялық сайыс
- 5.Ғажайып жетілік
- 6.Шешендік өнер
- 7.Кім жылдам
- 8.Африкаға саяхат
- 9.Африкаға эссе жазу
Топтың атауы Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Тақырыптың мақсатын ашу.
- Африка материгін таныстыру туралы такпақ оқып,тақырыпты ашу.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Мен өзім оттай ыстық жермін
- қазірде әл-ауқатты бірнеше елмін.
- Египет,Алжир,Морокко бар,
- Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
- Тауларым бар Климанджаро,Айдаһар
- Ніл,Замбези,суым қандай!
- Виктория,чад көлдер,тұзды көлім,
- тамаша көрген адам таң қалғандай.
- -Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған?
Ең соңы - Ең соңы
- Сайыс кезіндегі ұпайлар саналып,Топ көшбасшысы атағын иеленген топ анықталады.
- Мұндай сабақтарда оқушылар тақырыпқа байланысты кең ауқымды түсініктер алады.
Алдыңғы сабақтарда Африка туралы не үйрендіңдер?не білдіңдер? - Алдыңғы сабақтарда Африка туралы не үйрендіңдер?не білдіңдер?
- -Осы материктің географиялық орнымен таныстық,табиғат зоналары,елдері және халқы туралы көп білім алдық.
- -Бүгін Африка материгінің тарауының соңғы сабағы,сондықтан алдымызға қандай мақсат қоямыз?
- -Алдыңғы сабақтарда алған білімімізді пысықтап,жинақтап қорытынды сабақ өткіземіз.
- -Жақсы, онда сабақта сендерге сәттілік тілеймін.
1.Ширату сайысы - Сұрақ жауап,әр топқа 7 сұрақтан қойылады әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
- Егер топ жауап бере алмаса,келесі топқа жауап беру арқылы ұпай жинайды.
“Саванна” тобына - 1.Африканың ең терең көлі?
- 2.Африканың ең ыстық жері?
- 3.Материкте дүние жүзіндегі ең ірі жануар кездеседі ?ол қандай жануар?
- 4.Африканың ең төмен орналасқан нүктесі ?
- 5.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?
- 6.Африка материгінің ауданы?
- 7.Жер шарындағы ең ірі шөл?
3.Карта оқиық Африка материгінің шеткі нүктелерін,теңіздерін белгілеу. Дұрыс жауап 6 ұпай - 1-топ теңіздер мен аралдарды белгіле
- -Жерорта,қызыл теңіздері,мадагаскар аралы
- 2-топ Шеткі нүтелерін белгілеу.
- -Альмади,Расхарун,Игольный,Бен секка мүйістері.
3.Тұлғаны танып біл. - Материктің ашылу,зерттелу тарихына үлес қосқан зерттелушілер мен тарихы туралы қысқаша айта кету керек.
- Әр топқа бір саяхатшы суреті портреті беріледі,1минут уақыт ойланып,топтан 1оқушы шығып жауап береді. 5ұпай беріледі.
- 1топ Васко да гама.
- 2топ Давид Ливингстон
4.Картографиялық сайыс. Оқушыларға конверт таратылып беріледі,конвертте әр топқа 6 обьекті,жер бедеріне қатысты,топқа 1мин уақыт беріледі,топ басшысы тақтаға шығып картадан көрсету керек. - 1. Атлас тауы
- 2. Конго өзені
- 3. Намиб шөлі
- 4. Сахара шөлі
- 5. Мадагаскар аралы
- 1. Климанджаро
- 2. Ніл өзені
- 3. Чад көлі
- 4. Қызыл теңіз
- 5. Жерорта теңізі
5.Ғажайып жетілік сайысында әр пәндерден сұрақ беріледі. - 5.Ғажайып жетілік сайысында әр пәндерден сұрақ беріледі.
- 1.Геогр.Жанартаулар нешеге бөлінеді?
- 2.Әдеб.Шешендік сөздер нешеге бөлінеді?
- 3.Геометрия.Геометриялық фигураларға мысал келтір.
- 4.Өсімдік тану.Мәдени өсімдіктер деген не?
- 5.Тарих.Қазақстан жерінде пайда болған қандай қағанат?
- 6.Қазақ т.сөз дегеніміз не?
- 7.Физика.Зат табиғатта неше күйде болады?
- 6.Шешендік өнер сайысында мынадай тақырыптарды өз ойларын ортаға салып әңгімелейді.
- 1.Сахара шөлін
- 2.Саванна
7. Кім жылдам Бұл білімді жеке оқушылардың білімі бағаланады. Мұғалімі сұрақ оқиды,оқушылар белгі арқылы қолдарын көтеріп жауап береді. - 1.Африка-
- 2. Египет-
- 3.Виктория-
- 4.Самум-
- 5.Пигмей-
- 6.Уәдтер-
- 7.Cаванна-
- 8.Сахара-
- 9.Климанджаро-
- 10.Атлас-
- 11.Субэкваторлық-
- 12.Ніл
9.Африкаға саяхат Африкага саяхатқа бардық енді елге оралу керек ол үшін тегін билет алуымыз керек ол үшін тест сұрақтарын дұрыс шешкенде ғана тегін билетке ие бола аламыз, - 1.Жер шарындағы ыстық материк
- А.Африка
- Ә.Еуропа
- Б.Аустралия
- В.Оңт.Америка
- 2.Африканың ауданы
- А.54млн шк
- Ә.30,3млн шк
- Б.24,2млн шк
- В.18,3млн шк
- 3.Африканың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі .
- А.Ассаль көлі
- Ә.Эир көлі
- Б.Өлі теңізі
- В.Өлім аңғары
- 4.Ассаль көлінің деңгейі
- А.-153
- Ә.-16
- Б.-403
- В.-512
5.Материктің теңіз деңгейінен ең жоғары орналасқан нүктесі - 5.Материктің теңіз деңгейінен ең жоғары орналасқан нүктесі
- А.Кения
- Ә.Колумбия
- Б.Камерун
- В.Климанджаро
- 6.Ең биік нүктесі
- А.5895м
- Ә.5100м
- Б.2000м
- В.8848м
- 7.Африканың ең ірі көлі
- А.Виктория
- Ә.Чад
- Б.Ньяса
- В.Конго
- 8.Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал
- А.Гвинея
- Ә.Мадагаскар
- Б.Канар
- В.Комор
Ең соңы - Ең соңы
- Сайыс кезіндегі ұпайлар саналып «топ көшбашысы атағын иеленген топ анықталады».
- Мұндай сабақтарда оқушылар тақырыпқа байланысты кең ауқымды түсініктер алады.
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |