Сабақ жоспары
Бекітемін:
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі
Сұлтанмахмут Торайғыров «Бір адамға», «Шәкірт ойы» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: а) білдімділік – оқушыға ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Бұрын білетін мәліметтерін одан әрі жетілдіру.
ә) дамытушылық – оқушының білім, білік, іскерлік дағдыларын дамыту. Өз ойын еркін әрі нақты жеткізін дамыту.
б) тәрбиелік – оқушыны имандылыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке, патриоттыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
оқушымен сәлемдесу;
сабаққа қажетті құралдарын дайындау;
назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Абай. Абайша жазған қара сөзін оқыту.
Ж аңа сабақ
|
Ахмет Байтұрсынов
(1873-1938)
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1993-1920)
|
Өмірі
|
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған
|
28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында дүниеге келген. 21.5.1920жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында қайтыс болады. Ақын, ағартушы.
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып,
|
Шығармашылығы
|
«Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургт
екінші кітабы — «Маса» (1911).
1926 ж. «23 жоқтау»
«Ер Сайында» 1923 ж. Москвада шығарды.
«Сөз өнерінің ғылымы»
«Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі»
|
“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очерк
“Қамар сұлу” романы
“Ләнет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б. өлеңдерін,
“Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915).
|
Үйге тапсырма
А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы, «Ақын ініме» өлеңін жаттау
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Бағалау
Оқушының сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалау.
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |