Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері. Қалдықпен бөлу Сабақтыц мақсаты:балаларды екі таңбалы санға қалдықпенбөлу тәсілімен таныстыру; оқушылардың есептеу дағдысы мен өткен есеп түрлерін шығару қабілетін жетілдіру. Сабақтың барысы Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру. Ауызша тапсырмаға №6,7 есептерді қосыңыз. Бұл сабақта «Иә-жоқ» деп аталатын математикалық диктант алып, тексеруге болады.
29 бен 3-тің нәтижесі 87-ге тең.
5 санын 19 есе арттырдьқ. 85 деген сан пайда болды.
17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырдык, 98 деген сан шықты.
56-ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттырдық, 96 саны шықты.
Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11-ге тең. Сонда нәтиже 55-ке тең.
12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.
57 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырдық. 90 саны пайда болды.
Бөлінгіш 72-ге, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасына тең. Сонда бөлінгіш 9-ға тең болады.
Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең болады.
Тексеруге арналған дәптерді пайдаланыңыз. Ауызша жаттығуға №8 тапсырманы қосыңыз: оқулықтағы тапсырманы орындап, берілген сызба бойынша бірнеше осындай жаттығулар құрастыру. а) Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатындай екі сан ойлап тап. □ •□ = □:□ 1 және 1; 2 және 1; ә) Көбейтіндісі олардың қосындысына тең болатындай үш сан ойлап тап.
□ •□•□ = □ + □ + □ 1+2+3=1•2•3;
б) Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біреуіне, әрбір көбейтіндіге тең болуы мүмкін бе?
□ •□ = □ □ •□ = □
егер көбейткіштердің бірі 1-ге немесе О-ге тең болса;
егер көбейткіштердің екеуі де 1-ге немесе 0-ге тең болса.
Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау мақсатында №1 жаттығуды орындаңыз.
Бөлінгіш
Бөлгіш
Бөлінді
Қалдық
425
20
21
5
812
90
9
2
723
8
90
3
2450
80
30
50
6308
10
630
8
- Қалдықпен бөлген кезде қандай ережені есте сақтау қажет? (Қалдық әрқашан бөлгіштен кем).