Жарқамыс орта мектебі
Ашық сабақ
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Өткізген: Тамабаева Г.Ө.
8 «а» класс
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қалқанша без, оның гормондарының қызметі, қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: қалқанша без, оның гормондарының қызметін таныстыру
Дамытушылық: оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелілігі: адамгершілікке, денсаулық ьсақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
А) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Б) бездердің түрлері бойынша топтастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Галереяға саяхат» әдісі бойынша суреттер ілінді, ішкі секреция бездерінің түрлерін өздері тауып, қызметінің жетіспеушілігінен болатын ауруларға кеңінен тоқталды.
Үй тапсырмасын тест арқылы бекіттік.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Жиксо» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырма берілді.
1- топқа: қалқанша бездің маңызы.
2-топқа: қалқанша бездің қызметінің бұзылуынан болатын ауру түрлері.
3-топқа: оқушылар ұлы телефон арқылы Қазақстан Республикасында қалқанша бездің ауруларының алдын-алу шаралары туралы мәліметтер тапты.
«Ой толғаныс» сатысында 3 топқа сұрақтар берілді.
1-топқа: 1. Қалқанша без адам ағзасының қай жерінде орналасқан?
2. Қалқанша безден гормондар көп бөлінсе, денеде қандай өзгерістер пайда болады?
3. Адам денесінде қанша мг йод болады?
2-топқа: 1. Алқым ісінуі ауруының себептері қандай?
2. Қалқанша бездің гормоны жетіспегенде, қандай ауру пайда болады?
3. Адам ағзасында йод жетіспегенде, қандай ауруға ұшырайды?
3-топқа: 1. Қалқанша без ауруларын емдейтін дәрігер қалай аталады?
2. Қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары қандай?
3. Жеке бас гигиенасына байланысты қандай талаптарды сақтау керек?
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Диагноз қою» әдісі
Слайдтан қалқанша бездің қызметінің бұзылуынан болатын ауру түрлерінің суреттері беріліп, ауру белгілері көрсетіледі.
Оқушыларға: «Егер де сен эндокринолог дәрігер болсаң, мына ауруларға қандай диогноз қояр едің».
V. Мағынаны ажырату сатысы
Кестемен жұмыс
Ерекшелік белгілері
|
Ауру белгілері
|
1.Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, салмақ артады.
|
А. Кретинизм
|
2.Жас балалардың бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады.
|
Б. Бадырақкөз
|
3. Денедегі зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы артады. Тез ашуланады және терлегіш болады.
|
В. Іспебұғақ
|
4.Тері астында су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді.
|
Г. Микседема
|
VI. Үйге тапсырма.
§10. Қалқанша бездің қызметі, гормондардың бұзылуы және аурулардың алдын алу шаралары.
«Қалқанша без ауруларының алдын алу» тақырыбында ойтолғау жазу.
VII. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |