География пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып )
Сабақтың тақырыбы:
|
Аласа таулы өлкелер
|
Сабақтың мақсаты: Аласа таулардың географиялық орнының ерекшеліктерімен таныстыру және маңызды деректер арқылы білімдерін кеңейту,оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту
Әдіс тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технолошгиясының элементтері
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, оқулық.
Сабақтың барысы:
1.Сергіту сәті
2.топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын қайталау
4.Жаңа сабақты меңгеру (топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, жоба жасап постерге қорғау) әңгімелеу, талдау, кері байланыс.
1.Оқушылар ортаға шығып шаттық шеңберінде бір біріне жақсы тілек пен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
2. Сыныптағы оқушыларға 3 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынамын. Сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.Үш топқа бөлініп отырады.
3. Оқушылар қаламдарын ортаға қояды, мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса сол сұраққа жауап береді. Осындай әдіспен үй тапсырмасын тексеремін.Өткен сабақты естеріне түсіреді, білмеген сұраққа топ мүшелері немесе қарсы топтан жауап беруге болады. Мұғалім жауаптарды ескеріп отырады.
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің қай бөлігінде орналасқан?
Еліміздің жер бедерінің ең биік нүктесі?
Қазақстан жер бедерінің ерекшеліктері ?
Солтүстік Қазақ жазығын картадан көрсет.
Тұран ойпатын сипатта.
Жер бедері ненің әсерінен қалыптасады?
Жер тарихы неше эраға бөлінеді?,-деген сұрақтарға жауап береді
Оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс істеу мақсатында кітап беттерінен оқушыларға мәтін бөлініп беріледі
1 топ - Сарыарқа тауы
2 топ – Мұғалжар тауы
3 топ – Маңғыстау тауы
Әр топқа өз мәтіні бойынша постер құруға нұсқаулық береді.
Әр топ оқушылары, өтіліп жатқан тақырып көлемінде, оқулықтың мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды.
Топ мүшелері өзара ойласып, оқулық пен нұсқаулықты пайдалана отырып, ойларын постер бетіне жазады, суреттейді, таулардың сипаттамаларын жазады. Барлық топ мүшелері ортаға шығып, өз постерлерін қорғайды.Топ мүшелерінің сабаққа белсенділігін қадағалап отыру қажет.
№
|
Аласа таулар
|
Геогр-қ орны
|
Тау жыныстары
|
Ең биік нүктесі
|
Табиғаты
|
1
|
Сарыарқа
|
|
|
|
|
2
|
Мұғалжар
|
|
|
|
|
3
|
Маңғыстау
|
|
|
|
|
Шығармашылық тапсырма.
Географиялық диктант .
Әр топқа аяқталмаған сөйлемдер таратылады, оқушылар сол сөйлемдерді одан әрі толықтырып, мағынасын ашады.
Маңғыстау таулары ... орналасқан .
Сарыарқаның ең биік нүктесі ....
... .ең биік жері Бесшоқы.
Мұғалжар Герцен тауы түзілісі кезінде пайда болған ...
... ең биік нүктесі Үлкен Боқтыбай
Қазақстанның аласа таулары ..., ..., ...
Кескін картамен жұмыс. Әр оқушы өз тобына берілген тау жүйесіне байланысты физикалық картаны қолдана отырып, кескін картаға суретін түсіреді. Жоталарын көрсетеді.
Оқушылардың жинақтаған білімдерін байқау мақсатында тест тапсырмаларын орындайды
Интербелсенді тақтадағы тест сұрақтарына жауап береді, білімдерін қорытындылайды.
1.Қазақстанның аласа таулы өлкелері
А) Сарыарқа,Алтай, Сауыр
В) Мұғалжар, Маңғыстау, Торғай
С)Сарыарқа, Мұғалдар, Маңғыстау
Д)Қазақтың ұсақ шоқысы, Жалпы Сырт
2. Қазақстан жерінің ең ежелгі мүжілген аласа таулы өлкесі?
А) Қазақтың ұсақ шоқысы
В) Шығыс Еуропа
С)Батыс Сібір
Д)Маңғыстау
3. Үлкен Боқтыбай қай таудың ең биік нүктесі?
А) Сарыарқа
В) Мұғалжар
С) Маңғыстау
Д)Көкшетау
4. Маңғыстау тауының жоталары
А) Ұлытау , Қарқаралы
В) Шыңғыстау, Ақсораң
С) Қаратау,Шошқақкөл
Д)Ақтау, Қаратау
5. Сарыарқа тауының жоталары
А) Ұлытау , Қарқаралы
В) Шыңғыстау, Ақсораң
С) Қаратау,Шошқақкөл
Д)Ақтау, Қаратау
Бұл кезеңде оқушылар тест жұмыстарын бір-бірімен алмастырып, өзара бір-бірін тексереді.
Мұғалім оқушылардың белсенділігі мен жұрыс жауаптарына қарап бағалайды.
Үйге тапсырма:
Аласа таулар тақырыбы
Шығармашылық жұмыс:тақырыпқа байланысты қосымша деректер жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |