Жаңа сабақ
Бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi қосқанда, олардың алымдарын қосып, бөлiмiн өзгерiссiз қалдырамыз.
Қосу және азайту өзара керi амалдар екенiн бiлесiңдер.
Егер х + у = k болса, онда k – у = х болады және керiсiнше, егер k– у = хболса, онда х + у = k болады.
Бұл қосу мен азайтудың байланысын өзара тең белгiсiмен көмегiмен былай жазуға болады: х+ у= k , k– у= х.
Бөлiмдерi бiрдей рационал бөлшектердi азайту ережесi:бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi азайту үшiн азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, бөлiмiн өзгерiссiз қалдыру керек.Бөлiмдерi әртүрлi рационал бөлшектердi қосу мен азайтудықарастырайық.. Ол бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу мен азайтуға келтiрiледi.
Бөлiмдерi әртүрлi рационал бөлшектердi қосу мен азайту кезiнде ортақ бөлiмдi табу үшiн бөлшектiң бөлiмдерiндегi ең кiшi ортақ еселiктi табатынын бiлесiңдер, яғни:
— егер бөлшектiң бөлiмдерi өзара жай сандар болса, онда ең кiшi ортақ еселiк бөлiмдердi көбейтiндiсiне тең;
— егер бөлшектiң бөлiмдерi бiр-бiрiне бөлiнсе, онда ол осы бөлiмдердiң үлкенiне тең;
— бөлшектердiң бөлiмiндегi өрнектер жай көбейткiштерге жiктелiп, осы жiктелудiң құрамында бар, бiрақ бiрiншi мен екiншi бөлшектiң бөлiмдерiнде жоқ көбейткiштердiң көбейтiндiсi ең кiшi ортақ еселiк ретiнде алынады.Бөлiмдерi әртүрлi рационал бөлшектердiң ортақ бөлiмiн тапқанда, алдымен осы бөлiмдердiң ортақ көбейткiштерi болатындай көбейткiштерге жiктеу тәсiлдерiн қолданады.
|