Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Алкендер –қанықпаған көмірсутектер. Алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы.
Мұғалім: Серкенова Г.Б.
11-сынып
Қызылтаң орта мектебі
2015-2016 оқу жылы.
ТАҚЫРЫБЫ: АЛКЕНДЕР – ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР.
АЛЫНУЫ, ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.
Оқу мақсаты: қаныкпаған көмірсутектер – этилен мысалында алкендердің алыну жолдарын, химиялық қасиеттері және қолданылуын үйрену.
Сабақтың мақсаты.
Сабақтың мақсаты:
|
Мұғалім үшін
|
Оқушы үшін
|
1. Білімділік
|
Тақырып бойынша оқушылардың біліктілік қабілеттерін ояту жағдайларын жасау.
|
Алкендерді алу жолдарының, химиялық реакциялардың, механизмдер мен жүру жағдайлары, алкендердің қолданылуы туралы жалпы түсінуі. Полимеризация және полимердің құрылуы реакциялары туралы алғашқы білімдерді қабылдау.
|
2. Дамытушылық
|
Өтілген және жаңа тақырып материалдар арасындағы өзара байланыс логикалық ойлау, білімді қабылдауды жаттанды түрде емес, ойлап қабылдау шарттарын тудыру.
|
Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.
|
3. Тәрбиелік
|
Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, қызығушылығын тудыру, өзін - өзі бағалай алуға тәрбиелеу.
|
Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, экологиялық ойлауды тәрбиелеу.
|
Әдісі: жартылай-ізденіс.
Сабақ түрі: Жаңа материалды өту.
Ұйымдастыру формасы: фронтальды сауал, проблемалық сұрақтартарға әңгімелесу,
Оқу құралы: таблицалар, карточкалар, стекерлер
Программалық жабдық: сабаққа арналған компьютерлік презентация.
Құралдар мен реактивтер:
оқушы партасында: оқушылардың өзін бағалау парағы.
Демонстрация үшін: Әртүрлі полимеризация дәрежесі бар полиэтиленнің полимерлі коллекциясы , тефлоннан жасалған зат, полипропилен, пливинилхлорид; этил спирті, антифриз, В.В.Марковников портреті.
Сабаққа эпиграфы : «Ғылыми жаңалықтар мен болжамдардың шегін көру мүмкін емес». Д.И. Менделеев
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Салеметсіңдер ме, оқушылар! Өз орындарыңызға отырыңыздар, біз сабақты бастайық, бұл сабақ сіздерге жемісті, ең бастысы – пайдалы болады деп ойлаймын!
II. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: «Қанықпаған көмірсутектер – Алкендермен» танысуды жалғастырамыз (слайд № 1). Бүгін біз алкендерді өнеркәсіпте және зертханада алу жолдарымен, қос байланыспен байланысатындығын этилен мысалында химиялық қасиеттерін сипаттауды, полимеризация реакциясының алғашқы түсініктерін және алкендердің негізгі қолданылатын аумағын қарастырамыз (слайд № 2). Сабақтың ойы орыстың ұлы химигі Дмитрий Иванович Менделеевтің айтқан сөзіне негізделген (ол сабақ эпиграфы ретінде алынған) (слайд № 3).
III. Жаңа сабақ
«ШАҚЫРУ» КЕЗЕҢІ
Мұғалім: Бұрында қабылданған білімге жаңа материалды енгізе отырып ілестірсе оңай есте сақталады. Сондықтан осы материалдарды ойда сақтап қалған білімді пайдалану жұмысын орындау. Сіздердің алдарыңызда өз білімдеріңізді бағалау парағы берілген, онда үш графа бар «Мен білемін», «Білгім келеді», «Не білдім» (слайд № 4) және қосымша 1. 5 минут ішінде әрқайсысыңыз бірінші графаны № 1 тапсырмадағы сұраққа жауап беру арқылы толтырасыз (слайд № 5):
Қандай көмірсутектер алкендер деп аталады?
Алкендердің ортақ формуласы қандай?
Алкендердің бірінші гомологтық қатарының структуралық формуласы қандай? Оны атаңыз.
«ОЙ ҚОРЫТУ» КЕЗЕҢІ
Мұғалім: Бұл мәселені шешу үшін мен сіздерге алкендерді алу сызбасын ұсынып отырмын (слайд № 6). Мұғалім түсіндіреді.
«Алкендерді алу жолдарын» түсіндіру барысында мұғалім «крекинг», «дегидрлену», «дегидратация», «дегалогендеу», «дегидрогалогендеу» деген сияқты оқушыларға белгілі химиялық түсініктерге назар аудартады. Оқушылар алкендердің алу жолдарымен танысу барысында оған анықтама беріп, химиялық реакция теңдеуін дәптерге жазады (слайды № 7, 8, 9). Әр слайдта алдымен химиялық реакция схемасы көрсетіледі де, оқушылар дәптерлеріне теңдеуді жазып болған соң мысал көрсетіледі. Оқушылар өз жазғандарын презентацияда жазылған теңдеумен салыстырып, егер қате болса түзейді.
Алкендерді дегалогендеу және дегидрогалогендеу (слайды № 10, 11) әдістерімен оқушылар енді ғана танысады.
Мұғалім: Алкендер молекуласының құрылу өзгешелігі неде? (жауап: қос байланыс болуында)
Мұғалім: Алкандармен, «органикалық өліктермен» салыстырғанда алкендердің активтілігі қандай? Неге? (жауап: тұрақсыз π-байланыстың болуына байланысты алкендер әлдеқайда активті)
Мұғалім: Алкендерге қандай химиялық реакция типтері тән деп ойлайсыздар? (жауап: жану, қосылу).
Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциясы тән. Этилен галогендерді қосып алады,ол броммен әрекеттеседі. Бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромэтан түзіледі және Марковников ережесі қолданылатын гидрогалогендеу реакциясы(слайд № 12).
Мұғалім: Алкендердің бір – бірімен қосылу реакциясына түсуі мүмкін бе? (жауап: иа, қос байланыс болуына байланысты) (слайд № 13)
Мұғалім: Балалар, этиленнің жану реакция теңдеуін жазыңдаршы (оқушылар жұмыс дәптерлеріне, бір оқушы тақтаға шығып жазады, сосын презентациядағы жану реакциясымен салыстырады) (слайд № 14) Бұл реакция тотығу деп аталады. Неге? (жауап: Себебі атомдарда тотығу дәрежесі өзгереді)
Оқушылар тотығу дәрежесін көрсетіп, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтайды.
Мұғалім: Тотығу реакциясына калий перманганатының алкендермен түссіздену реакциясы да жатады (слайд № 15). Бұл реакция арқылы нені анықтауға болады? (жауап: алкендердің қанықпаған қасиетін)
Мұғалім: Алкендердің химиялық қасиетін олардың қолдану аясына көшу арқылы қорытындылаймыз (слайды № 16, 17) .
«РЕФЛЕКСИЯ» КЕЗЕҢІ
Оқушыларға өтілген тқырып бойынша синквейн құру ұсынылады (слайд № 18). Мұғалім презентациядан мысал ретінде синквейн көрсетеді (слайд № 19).
1.Сандық есептер шығаруға оқулық бойынша есеп №8 90 бет
2. Қосымша тапсырмалар орындау.
III. Бағалау.Үйге тапсырма
§2.7 оқу №11 90 бет
қосымша 1« Алкендерді алу, химиялық қасиеттері және қолданылуы» тақырыбына
___________________________ оқушының өз білімін бағалау парағы
Мен білем
|
Білгім келеді
|
Не білдім?
|
|
|
|
қосымша 1« Алкендерді алу, химиялық қасиеттері және қолданылуы» тақырыбына
___________________________ оқушының өз білімін бағалау парағы
Мен білем
|
Білгім келеді
|
Не білдім?
|
|
|
|
қосымша 1« Алкендерді алу, химиялық қасиеттері және қолданылуы» тақырыбына
___________________________ оқушының өз білімін бағалау парағы
Мен білем
|
Білгім келеді
|
Не білдім?
|
|
|
|
қосымша 1« Алкендерді алу, химиялық қасиеттері және қолданылуы»
тақырыбына
___________________________ оқушының өз білімін бағалау парағы
Мен білем
|
Білгім келеді
|
Не білдім?
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |