Сабақтың тақырыбы: Алтай
Сабақтың мақсаты:
1 Оқытушылық. Оқушыларға Алтайдың географиялық орнын, жер бедері мен геологиялық құрылымын, табиғат жағдайлары жайлы сипаттама беру.
Орографиялық сызбасын оқып үйренуге, пайдалы қазбаларының таралу заңдылықтарын, климат жағдайларының ерекшеліктерін, өзендері мен, көлдері, қорықтары, табиғат ресурстары туралы білімдерін кеңейту.
2 Дамытушылық. Алған білімдерін есінде сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлығын, ой - өрістерін кеңейту, өздігінен іздену қабілетін дамыту.
3 Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, байқағыштық қасиеттерін дамыту.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, қосымша мәлімет, интерактивті тақта, Атлас.
Номенклатура: Өскемен, Зырян, Риддер, Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай, Қалба жотасы, Марқакөл, Холзун, Ертіс, Иванов, Қатын, Сарымсақты.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, (мектеп директорымен, досыңмен, анаңмен қалай амандасар едіңдер?( көрсету)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Бізге шетелдерден қонақтар келіп отыр, оларға өз еліміздің табиғатының бір бөлігі, яғни Орал жерінің табиғаты туралы мәлімет берейік.
ІІІ Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу. Сөздерді қазақша сөздердің орысша аудармасын, ағылшынша аудармасын айту керек. Ерекше торда бүгінгі сабақ тақырыбы шығады.
1. Қыста болатын қатты жел. (боран - буран - storm)
2. Біз тұратын елді мекен. (Солнечный - Күншуақ - sunny)
3. Астың дәмін келтіретін дәмдеуіш. (тұз - соль - salt)
4. Қоян неден қорқады? (қасқыр - волк - woulf)
5. Бойына сеніп жылдан құр қалған жануар. (түйе - верблюд - camel)
Сонымен ерекше тордағы «Алтай».
Сыныпты топтарға бөліп, тапсырма беру. Топ басшыларына бағалау парағын беремін.
А тобы – Алтайдың географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылымы.
Ә тобы - пайдалы қазбалары, климаты, өзендері, көлдері.
Б тобы - табиғат зоналары, өсімдіктері, жануарлары.
Оқулықпен жұмыс. 10 минут оқуға беріледі. Интерактивті тақтаны, Қазақстанның физикалық картасын пайдалану ұсынылады.
№1 столға А1, Ә - 1, Б - 1.
№2 столға А - 2, Ә - 2, Б - 2
№3 столға А - 3, Ә - 3, Б - 3 ауысып отырады.
Мәтіннің мазмұнын ашу. Үйден ізденіп, тауып әкелген қосымша мәліметтерімен бөліседі. Алтайдың экологиялық жағдайы, Алтай туралы жазылған өлеңдер т. б.
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста,
Оң қолыңды соз алға.
Оң қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Бойды сергек тік ұста,
Сол қолыңды соз алға.
Сол қол босқа тұрмасын,
Үшбұрыш жасап зырласын.
Сәйкестендір:
Зайсан -------------------- қазаншұңқыр
Тарбағатай -------------- өзен
Ертіс ---------------------- жота
Нарын -------------------- көл
Марқакөл ---------------- тау
Географиялық диктант
Көп нүктенің орнына керек сөздерді қойып жаз.
Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатыр. Мұзтау – Алтай тау жүйесінің ең биік шыңы. Алтай үш ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы. Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс және сынаптың мол қоры бар. Тұйық қазаншұңқырларда жазда ыстық, қыста суық. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |