Сабақтың тақырыбы: Алтын күз. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың типі: интербелсенді сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, дарынды балалармен
жұмыс,диалоттік оқыту,
Талантты және дарынды балалар: Әмина, Дария, Кирилл
Сыни тұрғыдан бағалау үшін зерттеуге алынған оқушылар: Әмина, Джалиль , Наташа
Пәнаралық байланыс: орыс тілі , биология
Негізгі түсініктер:Грамматиканы меңгерту, « Алтын күз» туралы мәліметтер.
Өткен сабақпен байланысы: « Күз» тақырыбы
Бағалау:
Бақылау
Жұмысты бағалау
Сапалы білімді бағалау (оқушылар комментариясы)
Көрнекілгі : интерактиті тақта, флипчарт, бағалау парағы, слаид
Өлшемдік ойлау қабілеті: 6 «А»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік «Күз» тақырыбы бойынша сөйлей білу.Жаңа сөздерді сөйлемдерде қолдана алу. «Алтын күз» өлеңі бойынша ойларын қағаз бетіне түсіру , талқылау, өз ойларын айту.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін жаттығулар жасау барысында қайталау, АКТ-ны қолдану.
Дамытушылық: «Алтын күз» тақырыбын қорғату арқылы ойлау қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлауын, метасаналық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзін-өзі реттеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, бағалауға, бірін –бірі сыйлауға , сыни тұрғыдан ойлауға , өз бетінше білім алуға тәрбиелеу.
Жетістік критериилері:
Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ):
: Оқушының орташа жетістігі (ООЖ):
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ):
Көрнекілік: Күзгі табиғат көрінісі суреттер, флипчарт, фишкалар, түрлі-түсті қағаздар, оқушылардың ізденіп алып келген материалдары.
Уақыты:
Жұмыстың түрі:
Мұғалімнің рөлі
Оқушының рөлі
Басталуы:
5 мин
1:30 – 1:35
Сынып оқушыларымен амандасу.
Оқушыларды түгендеу
Ынтымақтастық атмосферасын құру:
Сыныптағы оқушыларды түрлі-түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.
Ерте күз, алтын күз, қоңыр күз деп , айту арқылы үш топқа бөлінеді.
Мұғалім сабақты бастайды. Оқушыларды топтарға бөледі.Ынтымақтастық атмосферасын құратын шара ұйымдастырады.
Бүгінгі сабақтың мақсатын айту.
Оқушылар тыңдайды
Топтарға бөлінеді, хормен өлеңді айтады.
Сабақтың тақырыбын жазады.
Түсіну
5 мин
1:35-1:40
Жаңбыр жауды тамшылап,
Жерге түсті жапырақ
Құстар кетті, балақай,
Күз де келді, алақай!
Бүкіл сыныптың жұмысы:
Сабақтың мақсатын түсіндіру, бағалау туралы түсіндіру.
Мұғалім сабақты жалғастырады
Түсінбеген жерлерін сұрау
Тапсырма:
20 мин
1:40-2:00
Тапсырманы түсіндіру:
1. Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап іздейді.(әрбір жауап фишкамен бағаланып отырады)
2.«Алтын күз» тақырыбы бойынша
3. Жаңа сөздерді қолдана отырып, әр топ екі сұрақтан құрастырып, қарсы топқа сұрақтарын қояды.
4. Мәтіндегі суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып оқып шығып , әрбір топ мәтінге өзгерістер енгізеді.(мыслы: аспанды бұлт қаптады деген сөйлемді-аспан бұлтты болады.) Оқушылар жауаптары үшін фмшкамен бағаланып отырады.
5.3-жаттығу.Адасқан сөздерді өз орнына қойып , сөйлемді дұрыс құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау.Тақтамен, дәптермен жұмыс. Бәрінен бұрын жаттығуды орындап қойған дарынды балалар , басқалрға көмектеседі.
Сендер көп тапсырмалар жасап шаршаған боларсыңдар,
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Жауаптарына сәйкес фишка алып отырады.
Мұғалім жұмыстарын тексеріп жүреді.
Оқушылар бірлесе жұмысжасайды , ақылдасады , бір келісімге келеді.
Фишкалар жинап сабаққа қатысады.
Талдау:
2:00-2:05
Бағалау критериилерін қайталап түсіндіру:
Сабақ барысындағы жинаған фишкаларын қорытындылай отырып, оқушылар өздерін бағалайды.
Мұғалім талдайды, Әмина көмектеседі.
Орындарында отырып, өздеріне баға береді
Сабақтың мақсатына оралу:
Қорытынды (жинақтау)
Вен диаграмма арқылы күз бен көктем, алтын күз бен қоңыр күз, ерте күзбен алтын күз айларының айырмашылығы мен ұқсастығын табу.
Күз Көктем
Мұғалім тыңдайды , сұрақтар қояды.
Оқушылар Вен диограмманы бірлесіп толтырады, тақтаға іліп, айтып шығады.
Үй жұмысы
49-50 бет. Күзгі еңбек тақырыбына слайд жасау.
4 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Бағалау:
5
4
3
Мұғалім жиынтық бағаны қояды.
Оқушылар сабақ барысында жинаған фишкаларының санына сәйкес бағалау парағына қарап бағаларын біліп отырады.
Рефлексия :
Бүгінгі сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда , ерекше өтіп, оқушыларға ұнады. Оқушылар топқа бөлініп, топпен бірлесе жұмыс жасағандары , фишка жинау арқылы өздерін бағалаулары өте ұнады . Дарынды балалар сабақта зерікпей , әрдайым жұмыс жасап отырғандары , оларды қызықтырды.