Химия-биология пәндерінің толық сабақ жоспарлары. Zhospar80@mail.ru
Сабақтың тақырыбы: Аминдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі.
Тәрбиелік: Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Дәріс.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: Физика, биология.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Целлюлоза мен крахмалдың арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Целлюлозаның қасиеттерін айтып беріңіздер.
3. Целлюлоза қайда қолданылады?
4. Көмірсулардың адам тіршілігіндегі маңызы қандай?
III. Жаңа сабақ: Аминдер дегеніміз- аммиак (NH3) молекуласындағы бір,екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.
Аминдер аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:
Біріншілік
R-NH2
|
Екіншілік
R2
NH
R2
|
Үшіншілік
R1 – N – R2
R3
|
CH3 – NH2 C H3 СН3 – N – CH3
метиламин NH
C2H5 C2 H5
метилэтиламин диметилэтиламин
NH2 тобы – амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.
Мысалы,
СН –NH2 метиламин немесе аминометан
СН3 – СН – СН3
NH2
Изопропиламин немесе 2- аминопропан
Изомериясы: Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериясы болады.
1.Көміртек тізбегі изомериясы.
H3C
H3C C – NH2
H3C
H3C – CH – CH2 – CH3
NH2
H3C – CH2 – CH2 – CH2 – NH2
|
C4H11N
Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар.Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.
Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.
Ауада жануы:
4CH3 – NH2 + 9O24CO2 + 10 H2O + 2N2
Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз.
Н H +
. .
СН3 – N : + Н+ ОН- СН3 – N – H OH –
. .
Н
H
CH3 – NH2 + H2O [ CH3NH3] +OH-
метиламин метиламмоний
гидрооксиді
Қышқылдармен әректтесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы).
CH3NH2 + HCl [CH3NH3]+ Cl –
Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды.
IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
§ 27. Аминдер. 127-128 беттер;
Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?
Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңіздер.
3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.
V. Қорытындылау: Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік, және үшіншілік болып жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |