ІҮ.Жаңа материалды түсіндіру
|
«Қанның топтары»:
1,2,3,4 топқа бөлінеді.
Қан беретін адамды-донор,қабылдайтын адамды-реципиент дейді.
Резус-фактор (Rһ-фактор)-адам мен макака-резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз.
Резусы оң қанды резусы теріс қанға құйса,резусы теріс адамның қанында оң резуска қарсы антидене түзіледі.Бұл жағдай екінші рет қайталанса,қарсыдене оң резуспен әрекеттесіп адам өліп кетуі мүмкін.
Иммунитет- жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру.
Иммунитеттің негізін салған ғалым- И.И.Мечников.
Ағзаға енген бөгде нәруыздарға қарсы түзілетін ерекше нәруызды зат-«антиденеге» де байланысты. Антидене қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз.Қарсыдене-лимфоциттердің қатысуымен түзіледі.
Слайд 8.Иммундық жүйе.
Слайд 9.Шешек ауруына қарсы сарысу.
Видеоролик- СПИД.
|
Қаны 1 топқа жататын адамдарды қаның барлық топқа аз мөлшерде (200-300мл) құюға болады.
2 топқа жататындардың қанының 2,4 топқа береді.
3 топтағылардың қаны 3,4 топқа,ал 4 топтағын 4 ке құюға болады.
Егер қан топтары сәйкес келмесе,эритроциттер желімденіп қалады (аглютинация) да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.
|
Жаңа тақырыпты түрлі әдіс көрнекілік арқылы түсінеді, толықтырады.
|
Ү.Жаңа білімді бекіту.
|
Тест сұрақтары.
1.Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?
а) Пневмония
ә) Гемофилия
б) Холера
в)дифтерия
г)скарлатина
2. Қан беретін адам
а)донор
ә)реципиент
б)фагоцитоз
в)пиноцитоз
г)резус;
3. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?
а)Ітоп
ә)ІІ топ
б)ІІІ топ
в) ІҮ топ
4. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?
а)Э.Дженнер
ә)Л. Пастер
б)И.И.Сеченов
в)И.И.Мечников
5. Өзіңнің қан тобыңды неге білу керек?
а)фагацитоз үшін
ә)пиницитоз үшін
б)аглютинация болмау үшін
в)резус-факторын білу үшін.
6. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.
а)эритроцит
ә)антидене
б)лейкоцит
в)тромбоцит
7. егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері?
а)Ч.Дарвин
ә)Л. Пастер
б)Л.Гук
в)Э.Дженнер
8. ЖИТС ауруы алған тіркелген мемлекет?
а)Канада
ә)Қытай
б)Жапония
в)АҚШ
9. Адам ағзасындағы лимфа түйінделерінің саны.
а)400
ә)460-қа жуық
б)300
в)360-қа жуық
10. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.
а)табиғи
ә)туа біткен
б)жасанды
в)жүре пайда болған.
|
|
Гемофиля
донор
І топ
И.И.Мечников
Аглютинация болмау үшін
антидене
Э.Дженнер
АҚШ
460
жасанды
|