Сайыс шарттарын таныстыру
Амандасу рәсімі
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
«Ойлан тап»
«Кім жүйрік»?
«Мақал – сөздің мәйегі» сайысы
Тест тапсырмалары.
Топбасшылар сайысы.
1 – сайыс «Амандасу рәсімі»
1. «Тапқырлар» тобы
Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
Тапқырлар тобынан қарсылас топтарға сәлім!
2. Алғырлар тобы
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.
Сәлемдесу: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Алғырлар тобынан қарсылас топтарға сәлем!
2 сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Бұл сайыста оқушылар берілген мәтінді есептерге ауызша жауап береді. Әр есептің құрылуына байланысты ұпайлар берілген сол ұпай бойынша жауап береміз.
10 ұпайдың сұрақтары:
Бірінші үйде 30 адам, ал екінші үйде біріншіге қарағанда 20 адам артық тұрады? Екінші үйде неше адам тұрады. (50)
Аулада 16 ер бала, олардан 6 – уы кем қыз бала ойнап жүр. Аулада неше қыз бала ойнап жүр? (10)
20 ұпайдың сұрақтары:
Марат 15 сөз жазу керек болды ол 7 сөзді жазып қойды Марат енді
неше сөз жазуы керек? (8)
Асханада 8 литр сүт жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр сүт қалды.
Асханада неше литр сүт болған? (14)
30 ұпайдың сұрақтары:
1. Қоймада 60 қап күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше кап жарма қалды? (60 + 30 – 20 = 70)
2.Дүкенге 20 жәшік кияр және 30 жәшік қызанақ әкелінді. Және 40 жәшік қызылша әкелінді. Дүкенде неше жәшік көкөніс бар?
(20 + 30 + 40 = 90)
3 сайыс : «Ойлан тап» сайысында оқушылар қосуды меңзер бойынша тапсырмалар орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |