Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата10.11.2023
өлшемі360,06 Kb.
#190710
түріСабақ
  1   2   3

82 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
Тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау.


Информатика пәнәнің мұғалімі: Какенбекова А.А.
Қарағанды


Сынып:


Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Анимация түсінігін тереңірек меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл, ой-өрісін, сабаққа деген ынтасын дамыту, PowerPoint бағдарламасына қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды Microsoft PowerPoint терезесін қолдануда сауаттылыққа, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)
Көңіл - күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынбыз ба? (Бармақпен көрсетеді, өте жақсы, иә – бармақ жоғары қарай, орташа – бармақ көлденең, жоқ – бармақ төмен қарай )
2. Топқа бөлу (Өзіне қатысты сөздер арқылы термин құрастырылады пернетақта (Alt, Ctrl, Shift, Backspace, Delete, Esc,Insert.Home), меню жолы командалары (Файл, Главная, Вид, Вставка, Формат, Справка, Разметка страницы, Ссылки), бойынша 2 топқа бөлінеді, 2 минут).

Сұрақтар

1

2

3

4

5

Дұрыс жауап

С

В

С

А

Д
ІІ. Тест жұмысы. (4 минут)
1. Презентацияның түрлі объектілерден құралатын бөлігі қалай аталады?
А. Кадр В. Сурет С. Слайд Д. Бет
2. PowerPoint программасына сурет енгізу үшін қандай командалар орындалады?
А. Вставка – Клип – Рисунок В. Вставка – Рисунок – Картинки
С. Вставка – Рисунок – Записать звук Д. Вставка – Надпись – Картинки
3. PowerPoint программасын қалай іске қосады?
А. Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office Word
В. Пуск – Программы – Стандартные – Microsoft office PowerPoint
С. Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office PowerPoint
Д. Пуск – Программы – Microsoft office Power Pаint
4. Қандай пргограмма көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған?
А. PowerPoint В. Word С. Pаint Д. WordРаd
5. Слайдқа безендіру шаблондар қолдану үшін қай қосымшаны пайдаланамыз?
А. Настройка анимации В. Вствка - Шаблон
С. Создать слайд Д. Разметка слайда


Оқушылар сағат тілі бойынша тесттерін алмастырады, алдына түскен тесттің жауабын тақтада берілген дайын жауаппен тексеріп, сағат тіліне қарсы бағытта қайтадан қайтарып береді, әрқайсы - сы өз тестінің неше жауабы дұрыс екенін формативті бағалайды.
(Әр-бір дұрыс жауапқа 1 балл 2 минут)
Жаңа сабақ
Тақырыптың атын ребус шешу арқылы анықтайды.





Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыныздар.
Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет