Сабақтың тақырыбы Қанықпаған көмірсутектер. Этилен. Мақсаты



бет3/3
Дата09.03.2023
өлшемі74,55 Kb.
#171566
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен тақырыбына сабақ жоспары (9 сынып)

Үй есептерін орындауы

Тақырыпты толық түсініп, есептерді дұрыс шығарған.

Есептер толық шықпаған, тақырып бойынша білімі жетілдіруді қажет етеді.

Тақырыпты толық түсінбеген, есептер шығарылмаған.











Оқушының аты-жөні:
______________________
"Үшке дейін санағандай оңай" тапсырмасы

Ақпаратты толық жеткізді.

Ақпаратты жеткізуде әлі де толықтырулар қажет.

Ақпаратты жеткізуде қиналды.













Оқушының аты-жөні:
__________________
Табыс критерийі

Алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай білемін.

Алкендердің физикалық, химиялық қасиеттерін алкандардан ажырата аламын.

Тақырып бойынша сандық, сапалық есептер шығара аламын.

Алкендер жөнінде алған білімімді практикалық тұрғыдан нақты жағдаяттарда қолдана білемін.
















Алкендер

этилен қатары ж.ф:СnН2n

С2Н4

Этен (этилен)

С3Н6

Пропен

С4Н8

Бутен

С5Н10

Пентен

С6Н12

Гексен

С7Н14

Гептен

С8Н16

Октен

С9Н18

Нонен

С10Н20

Декен

Ресурс
Этилен мен оның туындыларының қолданылуы. Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ерекше қасиеті бар. Алмұрт, қызанақ, қауын, лимон сияқты ауылшаруашылық өнімдерін шала піскен күйінде жинап алып, жабық қойма ауасына этилен жібереді. Осылайша сақталған өнімдер бұзылмайды.


Этиленнен тұрмыс пен техникаға аса қажетті полиэтилен, этил спирті, хлорэтан, дихлорэтан, т.б. заттар алынады.
Полиэтилен - диэлектрик, сондықтан оқшаулағыш материал ретінде электротехникада қолданылады. Су мен газды өткізбейтін болғандықтан, полиэтилен тағамдық өнімдер мен әртүрлі бұйымдарды орап сақтауға және үлкен қабыршақтар мен құбырлар жасауда қолданылады. Сонымен қатар жылыжайлар мен саяжайларда шынының орнына кеңінен пайдаланылады.
Этил спирті - медицинада, тамақ, химия өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылатын зат. Одан көксағыз (каучук), резеңке, т.б. заттар алынады.
Хлорэтанның тез буланып кетіп, ортаны қатты суытатын қасиеті бар. Осы қасиетіне байланысты хлорэтан медицинада жеңіл оталар жасаған кезде пайдаланылады.
Дихлорэтан ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде қолданылады. Шайырларды ерітуде, тоқыма материалдарын тазартуда пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет