Сабақтың тақырыбы Антикалық дәуірде құрылған әлемдік империялар Сабақ мақсаты



бет3/3
Дата19.02.2022
өлшемі71 Kb.
#132472
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Антикалық дәуірде империялардың қалыптасуы

Сабақ көрнекілігі

Интерактивті тақта,дүниежүзі картасы,кесте

Сабақ әдісі

«Әдеби үйірме», сұрақ-жауап, топтық жұмыс және миға шабуыл

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.

Сәлемдесу. Оқушылардың қатысуын тексеру.

II. Үй тапсырмасы және үй тапсырмасын сұрау әдістері:10мин.

Оқушылардан үй тапсырмасы ретінде берілген тақырыпты төменде берілген сұрақтар арқылы өтілген материалдың басты мәселелерін анықтау.
1. Мемлекеттің қандай басқару формалары бар?
2. Монархиялық басқару формасында билік қалай жүргізіледі?
3. Республикалық басқару жүйесінде басқару формасын сипаттап беріңіз?
4.Теократиялық мемлекет дегеніміз не?
Тапсырма кестедегі берілген мәліметтерді бір-бірімен сәйкестендіру арқылы сұралады. Олар:
Монархиялық басқару формалары:

Сословиелік-өкілетті

Монарх билігі шектеулі және шартты түрде ғана

Конституциялық

Билеуші мемлекетті белгілі бір қоғамдық таптармен бірлесе билік құрады

Абсолютті

Монарх билігі шексіз әрі ешқандай заңмен шектелмеген

Республикалық басқару формалары:

Президенттік

Президент билігі шектеулі және басшы атқарушы биліктің алдында жауапты

Парламенттік

Президент атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы. Парламентті таратуға құқылы

Аралас

Президент пен парламент билігі бірі атқарушы және заң шығарушы рөлін ойнайды

Мемлекеттің құрылым формалары:



Федерация

Тәуелсіз аумақтың біртұтас мемлекетке біріге отырып, әрбір аумақтың мемлекеттен шығуға және аумақтық заң шығаруға құқылы.

Конфедерация

Біртұтас ұлттық мемлекет құрылымы

Унитарлы

Мемлекет тарапынан ұлттық немесе территориялық негізде аумақтарға заң шығаруға және өз еркімен басшы сайлауға құқылы мемлекет. Алайда орталық билікке және оның негізгі заңына бағынуға тиісті әрі өз еркімен мемлекеттен шығуға құқылы емес мемлекет.




III. Жаңа материалды меңгеру.20мин

Сабақ жоспары:
1. Парсы империясының құрылуы. Парсы-македон соғыстары және Ұлы Александрдың империясы.
2. Рим империясы.
1. Парсы империясының құрылуы. Парсы-македон соғыстары және Ұлы Александрдың империясы.
«Әдеби үйірме» әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады)

2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)


3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)


4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)


5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)


Осылайша тақырыпты жүйелі түрде оқушы тыңдай отырып, оқыған білімін практикада қолдана алады.
2. Рим империясы.
Тақырып интерактивті тақта арқылы Рим қаласының империя дәрежесіне жетуі баяндалады.
Тақырып барысында Италия аумағында өмір сүрген мемлекеттер мен этностарға шолу жасау. Римнің жаулаушылық жорықтарына тоқталып, Пун соғыстарын баяндау.




III. Жаңа материалды бекіту: 5 мин.

Қорытынды сұрақты қою арқылы материалды қорытындылау.
1.Парсы мемлекеті қашан құрылды?
2. Александр Македонскийдің жорықтарына және маңызды шайқастарға тоқталып өтіңіз.
3. Парсы империясының құлауының себептерін атаңыз.
4. Рим империясының қалыптасуы барысындағы соғыстарды атаңыз.
5.Аталған империялардың адамзат тарихына қосқан үлесі қандай?

IV. Қорытындылау: 5 мин.

Бағалау. Үй жұмысы

Тексерген:
Мемлекет формалардың эвалюциясы ежелгі куннен бугнги кунге децн
2Антикалық кезеннне империялардың қалыптасуы
3Араб шапқыншылығы мен крест жорықтары
Қазақ хандығы мемлекеттің саяси институтттары
Мектеп баспасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет