ІІ. Аппараттық (құрылғылық) платформалардың ерекшеліктері бойынша: ОЖ қажетіне аппараттық құрылғы әсер етеді. Құрылғы түріне байланысты ДК, миникомпьютерлердің мейнфреймдердің, кластерлердің және ЭЕМ желілердің операциялық жүйелері болады. Бұлардың ішінде компьютердің бір процессорлық және көп процессорлық нұсқалары кездеседі.
Аппараттық платформасы бір түрдегі компьютерден екінші түрдегі компьютерге оңай ауысатын ОЖ мобильдік ОЖ деп аталады. Мысалы, Unix.
Мұндай жүйелерде аппараттық байланыстар локальданған. Сондықтан жаңа платформаға ауыстырғанда тек солар ғана қайта жазылады. Ауыстыруды жеңілдету үшін операциялық жүйе машиналық еркін түрде жазылады, мысалы, С тілінде.
ІІІ. Қолдану аймақтарының ерекшіліктері бойынша: ОЖ құрғанда қолданған критерийлерге байланысты көпесепті операциялық жүйе 3 топқа бөлінеді:
· пакеттік өңдеу жүйелері. Мысалы, ЕС;
· уақытты бөлу жүйесі. Мысалы, Unix;
· нақты уақыт жүйелері. Мысалы, QNX.
Пакеттік өңдеу жүйелері нәтижелері тез алынуды талап етпейтін есептеулері көп есептерді шығаруға арналған. Мақсатқа жету үшін пакеттік өңдеу жүйелерінде басында тапсырма пакеті құрылады. Әр бір тапсырма жүйелік ресурстарға талабын ескереді. Осы пакеттен мультипрограммалық қосынды құралады. Бұл жүйелер қолданушыға ыңғайсыз болады.
Уақытты бөлу жүйелері. Бұл жүйелер пакеттік өңдеу жүйелерінің кемшілігін түзеу үшін арналған әрбір қолданушыға терминал беріледі. Терминал арқылы қолданушы өз бағдарламасымен сұхбат жүргізеді. Бұл жүйеде әрбір есепке процессор уақытының кванты бөлінеді. Сондықтан қолданушыларда әр машинкада тек өзі жұмыс істеп отыр деген елес болады. Бұл жүйеде өткізу қабілеті төмен болады.
Нақты уақыт жүйелері: бұл әртүрлі техникалық объектілерді басқаруға арналады. Мысалы, станок, спутник, ғылыми экспериментальдық құрылғылар немесе техникалық процестер. Бұл жүйелерде объектіні басқаруға арналған бағдарламаны орнату үшін шектелген уақыт беріледі.