Жаңа сабақ: І бөлім «Ой қозғау кезеңі» Сызықтық диктант. Иә+ жоқ-
1.С2H2-ацетилен
2Этан-ацетиленді көмірсутектер
3.Екі изомері бар
4.Түссіз, иіссіз газ
5.Көп күйе бөлмейді
6.Металды кесуге пайдаланады
7.Кальций карбидінен алады
8.Қос байланысы бар
9.Сумен әрекеттеседі
10.Ацетилен алкиндер тобына жатады.
«Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім»деген Л.Толстойдың нақыл сөзіне сүйене отырып бүгін ароматты көмірсутектер ,оның өкілі бензол жайында айтамыз.
ІІ. Мағынаны тану Молекула құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы Cn H2n-6 болатын карбоциклді көмірсутектер.Оларды арендер деп атайды. Ароматты сөзінен ар-, молекуласындағы қос байланыста болғандықтан-ен жұрнағы жалғанады. Бұл қатардың алғаш табылған өкілдері хош иісті болғандықтан,гомологтық қатар осылай аталған.Ароматтылықтың белгісі – молекула құрамында бензол ядросының немесе бензол сақинасының болуы.