Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#7328
түріСабақ
  1   2   3


____________________

8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, кеспе қағаздар, тақта.

Оқыту формасы: жұптық, жекелей.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
Тыңдалым. Оқылым.

Тапсырма: 1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып. Сұрақтарға жауап беріңдер.


Айтылым. Тапсырма:

2-тапсырма 61-бет Сөйлемдерді аяқтаңдар.

Үлгі: Мен қарным ашқанда нан мен май және жұмыртқа қуырып жеймін.
Жазылым. Тапсырма:


  1. 61-бет 3-тапсырма

  2. 5-тапсырма 61-бет Берілген ас мәзірінде не болу керектігін тізіп жпзыңдар.

  3. Біздің мектептегі ас мәзірі қандай мәтін түрінде жазыңдар.


Сергіту сәті:
Сабақты бекіту:

Тілдесім. Тапсырма:.

4-тапсырма диалогты оқып ұқсас диалог құрастырыңдар.



Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Бағалау.

Үйге тапсырма:

  1. 2-тапсырма 60-бет тиісті әріптерді қойып жазыңдар

  2. 2-тапсырма 58-бет Сөйлемдерге тиісті шылауларды қойып жазыңдар.


____________________

8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Асқа тапсырыс беру
Сабақтың мақсаты:

1. тақырыпқа қатысты жаңа ақпарат беріп, есімшенің жұрнақтарын қайталау

2.тақырып бойынша өз ойын айта алу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту

3.оқушыларды тамақтану кезіндегі әдептерді сақтауға тәрбиелеу



Сабақтың типі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, кеспе қағаздар, тақта.

Оқыту формасы: жұптық, жекелей.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақ

Тыңдалым. Оқылым.

Тапсырма: 1-тапсырма 61-бет Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер..


Жазылым. Тапсырма:

Диалог бойынша 3 деңгейлік тапсырмаларды жазбаша орындаңдар. 62-бетте


3-деңгей

  1. Бірінші және екінші тағамдардың айырмашылығын түсіндіріңдер.

  2. Берілген сұхбатқа бірнеше сұрақ дайындаңдар.

2-деңгей


  1. Сөйлемдергдегі 3 сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Біздің асханамызда даяшы жоқ, өйткені бұл мейрамхана емес. Әркім өзіне-зі қызмет етеді.

  1. Сөз тіркестерін пайдалан отырып, сөлемдер құраңдар.

Сүт ұатқан шай, ыстық палау, дәмді шырын
1-деңгей

Мектептегі асханаға тапсырыс беру туралы диалог құраңдар.


Айтылым. Тапсырма.

3-тапсырма 63-бет Тағамдарды түріне қарай бөліп айтыңдар.


Сергіту сәті:
Сабақты бекіту:

Тілдесім. Тапсырма:.

2-тапсырма 62-63-бетте диалогты толықтырыңдар



Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Сен туған күніңді атап өтпекшісің дүкеннен қандай азық түлік аласың тізімін жаса



____________________

8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дүкеннен азық-түлік сатып алу
Сабақтың мақсаты:

1. тақырыпқа қатысты жаңа ақпарат беріп, есімшенің жұрнақтарын қайталау

2.тақырып бойынша өз ойын айта алу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту

3.оқушыларды тамақтану кезіндегі әдептерді сақтауға тәрбиелеу



Сабақтың типі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, кеспе қағаздар, тақта.

Оқыту формасы: жұптық, жекелей.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жаңа сабақ

Айтылым. Сөздікпен жұмыс

1-тапсырма 63- бет Тақырыпқа қатысты сөздермен сөйлем сөз тіркестерін құрап айтыңдар


Тыңдалым. Оқылым.

Тапсырма: 3-тьапсырма 64-бет Мәтінді түсініп оқып, мазмұнына мақалдар айтыңдар


Жазылым Тапсырма:

64-беттегі 3 деңгейлік тапсырмаларды жазбаша орындаңдар.



Сергіту сәті:
Сабақты бекіту:
Тілдесім. Тапсырма:.

5-тапсырма 65-бетте диалогты оқып өздерің ұқсас диалог құраңдар.


Сабақты қорытындылау. Рефлексия

4-тапсырма 65-бет Сұрақтарға жэауап беріңдер
Бағалау.

Үйге тапсырма:

Сөздік жаттау, нан , ас туралы 5 мақал-мәтел жаттап келу



_________________

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті асым

Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен шақ, ауыспалы есімшенің жасалуын практикалық жолмен бекіту; қазақтың ұлттық дастарқаны туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту;

тәрбиелік - Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

дамытушылық- Оқушылардың іздену дағдысыеа сүйене отырып, олардың ойлау, түсініп оқу, есте сақтау, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі- бекіту сабағы

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, аударма, эвристикалық

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.

-Сабақтың лексикалық (грамматикалық) тақырыбы қандай?

-Есімше дегеніміз не?

- Есімшенің қандай түрлерін білесің?

-Өткен шақ есімше қалай жасалады?

- Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?

- Мектеп асханасында даяшы бар ма?

- Сенің сүйікті тағамың қандай?

-Қою тағамдарды ата

-Сусындарды ата

- Самообслуживание қазақша- т.б.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сөздер жаттау,


Айтылым. Тапсырма:

«Менің сүйікті асым» тақырыбына әңгімелесейік


Оқылым. Тапсырма:

Мақалдарды оқып, аударыңдар.


Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру, орысша баламасын табу

1.      Нан болса, ән де болады. Будет хлеб будет и песня..

2.      Ас – адамның арқауы. Еда человеку силу даёт. 

3.      Сыйлап берген су да тәттi. Поданная с уважением и вода сладкая. 

4.      Тату үйдiң тамағы тәттi.      В дружном доме вся еда вкусная. 
Жазылым. Тапсырмалар:


  1. есімше тұлғасындағы етістіктерді, сөз тіркестерін табыңдар, қай жақта айтылғанын анықтаңдар: бекер айтпаған, мән берген, сақтап отырған, ет асқан, таңғалдыратыны анық, таңғалдыратыны анық.

  2. Үлгі бойынша ет асқан сөз тіркесін жіктеңдер

  3. /Палауды әзірлеу үшін не керек?

Сергіту сәті:

Сабақты бекіту:

Тілдесім Тапсырма:

Тақырыпқа көршіңмен диалог құраңдар.


Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Үйге тапсырма:

65-беттегі тест сұрақтарын орындау



Бағалау.

____________________

8-сынып

Сабақтың тақырыбы Ас туралы мақал-мәтелдер


  1. Білімділік. Лексикалық тақырып бойынша оқушыларды сөйлесу әрекетіне бейімдеу.

  2. Дамытушылық. Оқушыларды сауатты жазуға, мәнерлеп түсініп оқуға жетелеу.

  3. Тәрбиелік. «Ас атасы» - нан» деген мақал бойынша тәрбиелік әңгімелер жүргізу.


Көрнекі құралдар: оқулық, сүреттер, тірек сызбалар.
Сабақ түрі: Өтілген материалды пысықтау.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, сөз тіркес сөйлем құрау, өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ұй жұмысын тексеру.

Тақтада азық-түліктердің сүреттері ілулі тұр, оқушылар тақтаға шығып, азық-түліктерді екі қатар бойынша жазады. Сол сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастырып, әңгіме жасайды, диалог құрайды.


Тілдесім.

Диалог: «Асханада» (Екі оқушының әңгімесі).


  1. Жаңа тақырып. Мақалдар оқып, аударыңдар.

Нан бар жерде ән бар
Дәнді шашпа, нанды баспа.
Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.
Ас адамның арқауы.
Дастарқанның басында дұшпан да дос.



  1. Жазылым

    1. Сөздерді тәуелдеңдер. Ас, дән.

    2. Сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар. Дастарқанның, тәтті

Сөйлемдерді аяқтандар.

  1. Дастарханның басты асы - .............................................................

  2. Денсаулық - .............................................................

  3. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың ..................................................

  4. Бірлік бар жерде - ...................................................






  1. Айтылым. Суретпен жұмыс. «Нан дүкенінде»

Оқушылар сүрет бойынша әр-түрлі байланысты сөйлем құрастырады.

Екі оқушы шығып бір-біріне сұрақ жауап жұмысын жасайды




  1. Сергіту сәті

  2. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Оқушылардың тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Нанды қалай қадірлеу, қастерлеу керегін, нанға байланысты тыйымдар сөйлемдерді оқушылар айтып береді.


  1. Нанға байланысты тыйымдар. «Нанды шашпау керек». «Нанды жерге тастамау керек». «Нанды төңкеруге болмайды». «Нанды бір қолымен үзуге болмайды».

  2. Мақал сайысы. Нан тұралы, қонақ жайлы туралы екі оқушы сайыс откізеді.




  1. Үй жұмысы: «Нан» - өлең жаттау.


___________________

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары.

Сабақтың мақсаты: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді, тілдік материалды талдауды меңгерту, мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрай білу біліктіліктерін дамыту сияқты тілдік құзыреттіліктерін дамыту, азаматтық, басқарушылық, ақпараттық құзыреттіліктерін игерту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, аударма, эвристикалық

Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта

Ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, өздік жұмысы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: жеребе арқылы оқушыларды топқа бөлу. Бағалау парағы таратылады.

Үй тапсырмасын тексеру: жабық тест:

  1. Қазақстанның бас қаласы -

  2. ҚазАССР алғашқы астанасы -

  3. Ірі кітапханасы болған орта ғасырдағы көне қала -

  4. Батыс Түркі хандығының бас қаласы

Қызығушылықты ояту: Тыңдалым. ЭО-тан Орта ғасыр қалалары жайлы тыңдату, көрсету. Сөйтіп, сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат қойылады (оқушылар).

Негізгі бөлім:

Сабақта игерілетін білім-біліктер мен жұмыс түрлері:

1) тілдік бөлім: күрделі сөздер, біріккен сөздер. Лексика: тақырып

көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелер тыңдап, түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы əңгіме айту, баяндау;

жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мəлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып

бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар.

3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан қалалары туралы əңгімелесу.

Рефлексия: Шағын диктант жазғызып, қатемен жұмыс жасатылады.
6. Үйге тапсырма:

1. Жаңа сөздерді жатта.

2. Екібастұз, Ұлытау, Жезқазған, Шымкент ... т.б. біріккен сөз атауларынан болған жер-су, елді мекен атауларын жазып, тұлғасына қарай талдау.

3. 3,4-тапсырма (89-91-бетт.).



  1. Бағалау.


___________________

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Көне Отырар.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік. Оқущылардың қазақ жеріндегі көне қалалар, олардың тарихы туралы мәлімет беру; халық пен елдің байланысын түсіндіру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік. Өз елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу, солардың тарихына қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекі құралдары: суреттер, карточкалар, сызбалар.

Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі                     

 Сәлемдесу.

 Кезекшімен диалог. 

 Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын айту,сабақ  жоспарымен таныстыру.                                       

2.      Бүгін сабақта көне қалаларының бірі Отырар қаласының тарихымен танысамыз, өйткені халық пен ел, елдің тарихы біртұтас.

 

Дыбыстық жаттығу

-         Қазақ тілінің алфавитінде неше әріп?

-         Дауысты дыбыстардың саны неше, олар қалай бөлінеді?

-         Дауыссыз дыбыстар қанша, олар қалай бөлінеді?

-         Төл дыбыстар нешеу? Қандай?

Төл дыбыстары бар 3 топ сөздерді атайды, 2 топ сөз тіркестерді, 1 топ жай сөйлемдерді құрастырады.

-         Буынның неше және қандай түрлері бар?

Сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.



Үй тапсырмасын тексеру

1 топ. 189 б. 4 т. Түркістан туралы мәтіннің мазмұнын айту.

2 топ. 188 б. 2 т. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, диалогті жатқа айту

3 топ. 190 б. 8 т. өлеңді жатқа айту.



Жаңа сөздермен жұмыс

1.      мұғалім оқиды

2.      оқушылар аудармасымен оқиды\ Бұл қандай сөздер?\

Мәтінмен жұмыс

1.      Мұғалім оқиды

2.      Оқушылар оқиды.

3.      Сұрақ жауап

-         Мәтін не туралы? \3\

-         Отырар қандай қала? \3\

-         Арыстанбаб кім болған? \2\

-         Отырар қаласында тағы кім туған? \2\

-         Ежелгі Отырар жерінде қазір қандай ғимарат бар? \1\

-         Әбунасыр әл Фараби туралы не білесіңдер? \1\



Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар

3 топ. Отырар туралы мәтін бойынша жоспар құрастыру

2 топ. Мәтін бойынша диалог құрастыру

1 топ. Мәтіннің мазмұнын айту



Кім шапшаң ойыны .

Берілген сөздерден сөйлем құрастыру.

2 топ. Қаласының, бұрынғы, Отырар, аты, Фараб.

1топ. Тұрғындары, қолөнермен, Отырар, көбіне, айналысқан.

-         Ал, енді, балалар, грамматикалық тақырыптарды қайталап жіберейік.

-         Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?

-         Сөз неден жасалады?

-         Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?

-         Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

Қазір грамматикалық тапсырмаларды орындайсыңдар

2 топ. Берілген сөздерді сзө құрамына талдап, сөйлемдерді құрастыру.

Отырардың, қолөнермен, батысында.

1 топ. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

Отырар халқы көбіне қолөнермен айналысқан.

Осы қалада Әбунасыр әл Фараби туған.



Төл сөзді қайталау.

-     Төл сөз дегеніміз не?

-         Мәтінде төл сөз кездесе ме?



Тапсырма. Берілген сұлба бойынша сөйлем құрастыру.

3 топ. Автор сөзі : Төл сөз.

2 топ. Төл сөз, - автор сөзі.

1 топ. Автор сөзі : Төл сөз, - автор сөзі.

Балалар, енді сендер Түркістан мен Отырар көне қалалар екенін, олардың тарихынан көп білесіңдер деп ойлаймын. Сондықтан біз вендиаграмманы жасап көрейік.

Түркістан                                                                                          Отырар

 

Тест

1.      Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін белгілеңдер.

А. Толықтауыш, пысықтауыш

В. Анықтауыш, бастауыш

С.  Бастауыш, баяндауыш

Д.  Баяндауыш, толықтауыш

Е. Анықтауыш, пысықтауыш

2. Баяндауыш нені білдіреді?

А. Іс - әрекеттің болу орнын

В. Іс - әрекеттің себебін

С. Бастауыштың іс - әрекетін, қимылын, жай күйін

Д.  Іс - әрекеттің мезгілін

Е. Іс - әрекеттің иесін

3.  Тура толықтауышқай септікте тұрған сөз?

А. Көмектес

В. Барыс

С. Атау


Д. Табыс

Е. Жатыс


4. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституция қай жылы қабылданды?

А. 1993


В. 1995

С. 1992


Д. 1991

Е. 1996


5. Жай сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

А. 7


В. 2

С. 5


Д. 4

Е. 3


6. Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгілеңдер.

А. Қызым, жақсы іс істепсің.

В. Осы өлкенің жері жақсы ау,шіркін!

С. Менің достарым түгел келді.

Д. Шынында да, сусыз өмір жоқ.

Е. Меніңше, суды үнемдегеніңіз жөн.

7. Синонимдік қатарын белгілеңдер.

А. Жарамды - жарамсыз

В. Жауапсыз - жауапты

С. Қиындық - жеңілдік

Д. Дүние жүзі - әлем

Е. Шағын үлкен

8. Сөйлемдегі еліктеуіш сөздер сөйлемнің қандай мүшесі?

Кенет шаң шұң дауыс шықты.

А. баяндауыш

В. толықтауыш

С. анықтауыш
Д. бастауыш

Е. Пысықтауыш

9. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қай жылы қабылданды?

А. 2001


В. 2005

С. 1995


Д. 2007

Е.  1991


10. Тек ашық буыннан жасалған сөзді көрсетіңдер.

А. өнер


В. қараша

С. тамыр


Д. жаз

Е. өс


Сабақты қорыту

1 топ. Көне қалалар тақырыбына тірек  сөз тіркестерді құрастырып жазу.

2 топ. Түркістан екі дүние есігі ғой... тақырыбы бойынша эссе жазу.

Үйге тапсырма


    1. Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазыңдар.

    2. Мәтіннен екі жай сөйлемді көшіріп жазып, оларды сөйлем мүшелеріне талдау.

    3. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

Бағалау

 

  








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет