Тенизова Айгул Амангелдиевна
Тарих пәнінің мұғалімі
Исатай орта мектебі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан (1511 - 1518)
Сабақтың мақсаты:
білімділік – Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Қасым
ханның заңдарымен оқушыларды жан-жақты таныстыру.
дамытушылық – Оқушылардың оқулық пен тарихи ұғымдарды талдап,
салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік – Оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау
Сабақтың пән аралық байланысы: құқық, география
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Қасым ханның суреті, Сызба «Қасым ханның
қасқа жолы» слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақ хандығы өз алдына қандай міндеттер қойды?
2. Көшпелі малшылар,отырықшы егіншілер,қолөнершілер арасында Қазақ хандығы
тұсында шаруашылық байланысы қандай болды?
3. Қазақ хандығы жер үшін қандай көршілес хандықтармен ашық соғыс жүргізді?
4. Шайбани ханмен жасасқан келісім бойынша Қазақ хандығына қандай қалалар қосылды?
5. Қазақ хандығында халықтың саны кімдердің есебінде көбейді?
6. Қазақ хандығының күш-қуатының,билік-беделінің артқаны неден көрінеді?
Тест сұрақтар
1. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?
а) 20жыл
ә) 30жыл
б) 25жыл
в) 10жыл
2. Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы Қазақ
хандығының қол астына қаратты?
а) 1470жылы
ә)1482жылы
б)1485жылы
в)1466жылы
3. Шайбани хан екі жылдан соң қай орданың мырзаларымен одақ құрды?
а) Ноғай ордасы
ә) Ақ Орда
б) Алтын Орда
в) Бөкей Ордасы
4. Қазақ халқының қалыптасуында негізгі этикалық арқау болған түрік тілдес тайпа?
а) Керей
ә) Үйсін
б) Қоңырат
в) Алшын
5. Жәнібек кімнің баласы?
а) Әмір Темір
ә) Батый
б) Болат
в) Барақ
Жаңа сабақтың жоспары:
Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің дамуы.
Қасым ханның заңдары.
Қасым ханның ішкі саясаты
Қасым ханның сыртқы саясаты.
Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хандығының тағына Керейдің ұлы Бұрындық (1574 – 1511жж) отырды. Бұрындық Самарқанға көшіп кеткесін Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандығы билікті қолына алады.
Қазақ хандығы Қасым хан кезінде саяси мәдени экономикалық әлеуметтік жақсы дамыды.
Қасым туралы:
Бабыр, М.Х.Дулати, Қ. Жалайыри, Ә.Х.Марғұлан пікірілері жазылған.
«Қасым кім» екенін анықтау
Қасым хан Барақ ханның немересі, Жәнібек ханның ұлы.
Шежіре түрінде қарасақ:
Жошы хан
Тоқа Темір
Қоджа Ұғлан
Бәдіғұл сұлтан
Ұрұс хан
Құйыршық
Барақ
Жәнібек Қасым
Шайбани хан
1503,1505,1506 жылдары Қазақ жеріне тонаушылық жорықтарын жасады.
1509 жылы Жаным сұлтан қыстағына күтпеген жерден шабуылдап,
қазақтарды шығынға ұшыратты.
1510 жылы қыста 5-ші жорықта Қасым ханнан ойсырай жеңілді
1. тапсырма: Жылдар сөйлейді
1511 жыл –
1474 жыл –
1514 жыл –
1518 жыл –
1523 жыл –
1503 жыл –
1510 жыл –
Тарихи сынақхат:
Моғолстанның билеушісі Саид ханның сол жылы Шығыс Түркістанға көшіп, кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсіуіне себепші болды.
Тарихи диктант: Шарты: Диктант ішінен бүгінгі сабаққа қатысты есімдерді теріп жазу.
Сөзжұмбақ шешу:
Қазақ хандары ту тіккен құтты қоныс.
Қазақстанның батыс өңірінде құрылған мемлекет.
Қазақстандағы жер атауы.
Шайбани әулетінен шыққан хан.
Қазақ хандығының құрамына енген рулардың бірі.
Сәйкестендіру:
Моголстан ханы кім Қасым
Қазақтың алғашқы ханы Әбілқайыр
Жәнібек ханның ұлы Есен бұға
Барақ ханның бел баласы Жәнібек
Өзбек ұлысын кім басқарды Керей
Тест сұрақтар «Иә, Жоқ»
1. 1511 жылы Қасым хан таққа отырды ма?
2. Қасымның 400мың атты әскері бар ма?
3. Жәнібек ханның баласы Қасым хан ба?
4. Моғол билеушісі Жәнібек хан ба?
5. Қасым хан заң шығарды ма?
6. Қазақ хандығын Батый хан биледі ме?
Картамен Жұмыс:
Қасым ханның қол астына қаратқан жерлерін көрсет?
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Қасым ханның тұсында қазақ хандығы нығайдыдеп айтуға негіз бар ма?
2. «Қасым ханның қасқа жолын» енгізудің қандай маңызы болды?
3. Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қатынас орнатуының қандай тиімді жақтары болды?
4. Қасым тұсында хандықтың астанасы қай қала болды?
Үй тапсырмасы: & 38 оқу
Бағалау
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |