Буркитова Майра Орыновна
Ақтөбе қаласы,
№37 орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы
Білімділік мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктері, маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін көрсетіп, адам өміріндегі маңызы туралы білу. Оқушылардың білімді өздігінен меңгеру, кітаппен жұмыс істеу өз беттерімен талдау қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өзара түсіністікке, сыйластыққа, ұжымшылдыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба, кестелер, түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың типі: теориялық
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба белгілері, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын тексеру: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
тірек-сызба кестелері арқылы
өзіндік жұмыс талдау сұрақтарын талқылау
тапсырмаларды орындау
1-тапсырма
№
|
Сұрақтар
|
Жауабы
|
1
|
Ас қорыту жолының ұзындығы
|
8-10 м
|
2
|
Ас қорыту сөлін өндіруші
|
Ұсақ бездер
|
3
|
Өт қабының орналасқан жері.
|
Бауыр
|
4
|
Бауыр не бөледі?
|
Өт
|
5
|
Бауырдағы көмірсулар қоры
|
Гликоген
|
6
|
Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан
|
Тілде
|
7
|
Майлардың тәуліктік мөлшері
|
80-90гр
|
8
|
Массасы шамамен 1500 г
|
Бауыр
|
9
|
Асқазанның ұлтабарға өтетін орнында сфинктер түзуші
|
Сақина тәрізді бұлшықеттер
|
10
|
Бір қабатты эпителийден тұрады
|
Ішек бүрлері
|
2-тапсырма
Р/с
|
Толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары
|
Жауаптары
|
1
|
Адам тәуілігіне... ас тұзын пайдалану қажет
|
5-6 г
|
2
|
Органикалық қосылыстардың қан мен лимфаға өтуі.... жүйесі арқылы іске асады.
|
Ас қорыту
|
3
|
Ас қорыту мүшесі.... басталады.
|
Ауыздан
|
4
|
25см. Ішкі қуыс бұлшық етті.
|
өңеш
|
5
|
....5,5- болады.
|
Аш ішек
|
6
|
Тіс.... мойын, түбірі болады.
|
сауытты
|
8
|
Ең ірі сілкей безі...
|
Шықшыт
|
9
|
Ас қорыту мүшелерінің ішкі бөлігін зерттейтін құрал...
|
эндоскопия
|
10
|
Шықшыт безінің қабынуы....
|
паротит
|
11
|
Ең үлкен ас қорыту безі...
|
бауыр
|
12
|
Аш ішектегі ұсақ скіндер...
|
бүрлер
|
13
|
Тамақта дұрыс пайдалану ғылымы...
|
диетология
|
14
|
Бауырдың беріштенуі.... деп аталады.
|
цироз
|
“Биологиялық есеп”
№1
Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткіліксіз болса, әр отбасыға бір айда, бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? (жауабы: бір отбасыда 4 адам болса, бір айда 30×6×4=8кг 760гр; 6×4×365=8 кг 760г);
№2
Ас қорыту өте күрделі процесс. Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен механикалық өзгерістерге ұшырайды. Шайнау-рефлексті әрекет. Жақсылап шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды. Барлық сауықтыру туралы кітаптарда тағамды ұзақ уақыт шайнап және мұқият жұту дағдысы 60 жастағы американдық Флетчердің есіміне «флетчеризм» деп аталып көрсетіледі. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды. (жауабы: 150000×365=54т750кг)
«Нақты сандар кабинеті»
Сандарға анықтама беру: 400-500гр (көмірсу)
1,5-2,5 л (тәулігіне адамға қажетті су мөлшері)
11-13 см (жұтқыншақтың ұзындығы)
60-65% (адам организмінде дене массасының шамамен мөлшері)
ХІ (өңеш көкет арқылы ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады)
1 мм (ішек бүрлерінің биіктігі)
100 г (ақуыздың тәуліктік мөлшері)
5,8 %( адам организміндегі минералды тұздардың орташа мөлшері)
Жаңа сабақты түсіндіру
19-22 жас аралы-ғында ақыл тіс
|
Пішініне қарай
Күрек тіс
(бір түбірлі)
|
|
Сойдақ /ит/ тіс
(бір түбірлі)
|
|
Азу тіс
Кіші азу (екі түбірлі)
Үлкен азу (үш түбірлі)
|
Формуласы:
Күрек тіс (incisivi) – і, Сойдақ тіс- (canini)- с, Кіші азу тіс- (praemolaress)- pm,
Үлкен азу тіс- (molaress) – m
2 1 2 3
( і — , с— , pm — , m—) * 2 = 32
2 1 2 3
Тіс құрылысы:
Тіс қаптамасы
Қызыл иектен шығып тұрған бөлігі
|
|
Тіс мойыны
Қызыл иек асты
|
|
Тіс түбірі
Жақ сүйектің тіс қуысына кіріп тұратын бөлігі
|
Әрбір тістің үсті ақ түсті зат эмальмен (кіреуке) қапталады. Ол тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды. Оның астында қатты сүйекке ұқсас тығыз зат- дентин жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қантамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Қантамырлар тіске кенеулі зат, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.
Сілекей құрамы:
Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық, қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.
Муцин- сілекейді жабысқақ ететін нәруыз. Лизоцим-микробтарды жоюға қатысатын нәруызды зат. Птиалин (амилаза) ферменті – крахмалды, мальтаза –дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер.
Тістерді күту
Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау болуы қажет. Ауру тістер – микробтардың жиналатын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері- стомотолог емдей алады. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады. Тіс ауруларынан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек.
I – тіс ауыты,
II-тіс мойны,
III-тіс түбірі
1 - кіреукесі (эмаль);
2 - дентин;
3 - дәнекер ұлпалы тіс пульпасы;
4 - цемент заты;
5 - тіс бекінген сүйек;
6 - қан тамырлары;
7 - жүйке талшығы
Шөткені 45° бұрыштап қылша жағын қызыл иекке бағыттаңыз. Мұндай қимыл қызыл иектегі қан айналымын тездетеді де, оны нығайтады.
Жоғарғы және төменгі тістердің барлық бүйір және сыртқы, шайнағыш және ішкі беттерін тазалаңыз.
Үлкен азу тістердің барлық беттерін тазалаңыз.
Алдыңғы тістердің барлық ішкі беттерін және тіс арасындағы жерлерді тазалаңыз.
Білімді бекіту:
1. Ойланып, жауап беріңдер
Егер жануарлардың тіл және ауыз қуысының сілемейлі қабығынан шығатын жүйкелері
зақымданса, сілекей бөліне ме? (Сопақша ми жұлынның жалғасы, сопақша мида өткізгіш және рефлекстік қызмет атқарады. Сопақша мидың сұр затының ядросы арқылы тіршілік үшін маңызды көптеген рефлекстік доғалар өтеді, асқорыту, сору, жұту, асқазан безінің қызметі)
2. Егер жануарлардың тілден шығатын жүйкесі зақымданса, жұту жүзеге аса ма?
3. Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі?(нанды көбірек шайнау, дәмі тәтті сезіледі. Бұл нанның құрамындағы көмірсулардың ішіндегі ферменттер әсерінен ыдырауға түсуіне байланысты )
Зертханалық жұмыс№11
Тақырыбы: Сілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.
Мақсаты: Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.
Керекті құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы немесе ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.
Жұмыс барысы:
1.Сіріңке мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәкенің ортасына әріптер жазыңыздар.
2.Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейін йод ерітіндісіне салыңдар.
3.Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.
Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.
1. Астың қорытылуы қай мүшеден басталады? (ауыз қуысында)
2. Асқазанда ас қанша уақыт болады? (4-11 сағат)
3. Астың қорытылуына қандай сөл әсер етеді? (асқазан сөлі)
4. Тәулігіне асқазан сөлінің қанша мөлшері бөлінеді? (2-2,5 л.)
5. Асқазан сөлі қандай зат? ( иіссіз, түссіз сұйықтық)
6. Асқазан сөлінде қандай ферменттер болады? (пепсин, химизин)
7. Пепсин қандай қызмет атқарады? (нәруыздарды ыдыратады)
8. Химозин қандай қызмет атқарады? ( сүтті ірітеді)
9. Пепсин,химозиннен басқа тағы қандай ферменттер болады? (ана сүтінің майын ыдырататын ферменттер )
Бағалау
Қорытынды
Үйге тапсырма: 44 оқу
Ас қорыту мүшелерінің ауруларының себептері
Өмір салты Экологиялық жағдайы Зиянды заттар (эссе жазу)
Достарыңызбен бөлісу: |