Сабақтың тақырыбы: Атмосфера Модуль /пән атауы: Жаратылыстану негіздері Педагог: Утеева Тамара Жүзжасарқызы



бет1/5
Дата03.10.2023
өлшемі39,27 Kb.
#183486
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Атмосфера


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Атмосфера


Модуль /пән атауы: Жаратылыстану негіздері
Педагог: Утеева Тамара Жүзжасарқызы
2023 жылғы « » қазан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ:1-курс, 2023-2024 оқу жылы, МБТ 23-1 тобы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
Студенттерге атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.
3. Күтілетін нәтижелер:
- Жердің ауа қабаты - Атмосфера туралы толық мағлұмат алады;
- Атмосфераның құрамын біліп, материктің және мұхиттық жер қыртысының айырмашылықтарын ажырата алады;
- Жердің ауа қабатын зерттеудің маңыздылығын біледі, қажеттілігін айта алады.
4. Қажетті ресурстар:
Ноутбук, интерактивті тақта, презентация, бейнекөрсетілім.
1.Каймулдинова К., Абдиманапов Б., Абилмажинова С. География Оқулық 11-сынып.
2.Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова.- Алматы:«Атамұра» 2009 ж. 
3.Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. 
4.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010.
5. Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Студенттермен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру
ә) Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау


ІІІ. Жаңа сабақ
Атмосфера
Атмосфера - (гр. ατμός — «бу» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.
Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет