Күні:13.02.15
Сыныбы: 7а
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері. Торричелли тәжірбиесінің мәні, атмосфералық қысымның өлшем бірлігі туралы, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі, атмосфералық қысымды өлшеуіш құрал барометр туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап
Технологиясы: СТО
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шприц, стакан, қағаз, су, түтіктер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқу құралдарын тексеру
Сабақтың барысы:
Оқушылар біздер бүгінгі сабағымызда «Жүйелі білім» поездымен саяхат жасаймыз. Ол үшін үш вагондағы оқушылармен бөлінеміз. (1 вагон, 2 вагон, 3 вагон)
Алдыңғы тақырыптағы қысым тақырыбымен байланыстырамын. Балалар, өткен сабақта біз қатынас ыдыстар, су құбыры тақырыбын өттік. Осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүйелі білім пойызына мініп, сонау қасиетті Түркістан шаһарына қарай саяхат жасайық. Ондағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне барып Тайқазаннан өз үлесімізді алып қайтайық.
Балалар тарихи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Президенттің жолдауында айтылған. Осыған байланысты Үкімет «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған, енді біз бүгін сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып, өз үлесімізді қосайық.
I бекет. Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі.
Бұл ертедегі үлкен тарихи мәдени орталық. Қазақстанның XIY–XY ғасырлардағы сәулет өнері. Оған кіріп аралау үшін үй тапсырмасына жауап берелік.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
«Кім жылдам?»
1 вагон
1. Су құбыры не үшін қажет? Су құбырларының неше түрі бар?
2. Қысым дегеніміз не?
3. Тұрмыстық су құбыры не үшін қажат?
2 вагон
1. Өнеркәсіптік су құбырлары не үшін қажет?
2. Су құбырының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?
3. Қысымның формуласы?
3 вагон
1. Қатынас ыдыс дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
2. Қысымның өлшем бірлігі
3. Шлюз дегеніміз не?
«Бұл не?» Суретке қарап түсіндір. Себебін айт.
II бекет. Түркістандағы Тайқазан. (Қызығушылығын таныту)
Қазандық – кесененің ортасында орналасқан. 1399 жылы Әмір Темір құйдырған. Көптеген адамдар оған барып тайқазанды көріп, саяхат жасайды. Олай болса, бізде саяхат жасайық, ол үшін тақтағы қаралық.
Сабақ атмосфералық қысымды көрсететін тәжірибе жасаудан басталады.
Тәжірибелер демонстрациясы.
1 – тәжірибе.
Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
2 - тәжірибе. Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым. Ендеше бүгінгі тақырып «Атмосфералық қысым»
III бекет. Түркістандағы Арыстан баб кесенесі. Жаңа сабақ.
Бұл ертедегі үлкен тарихи мәдени орталық. Қазақстанның IX–XII ғасырлардағы сәулет өнері. Ендеше бұл кесенеге кіріп аралау үшін жаңа тақырыпты тыңдайық
Жаңа сабақ
■ Атмосфера – Жердің ауа қабаты.
■ Атмосфераның құрамы:
78%-азот, 21%-оттегі.
• Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
Атмосфера су бетінен төмен қарай бағытталған қысыммен әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысым барлық бағыттарға бірдей беріледі, міне суды поршеньмен ілестіре көтеретіні осы атмосфералық қысым әсерінен екен.
Ал енді 18 ғасырда итальяндық ғалым Торричелли жасаған тәжірбиені қарастырайық. Ол ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толыстырылады.
Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сонда сынаптың кішкене ғана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал түтік ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады.
Торричелли алғаш рет сынап бағанының атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдалана бастады.
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күш 105 Па екені белгілі. Атмосфералық қысымның бірлігі-1 миллиметр сынап бағаны алынады. (1 мм.сын.бағ)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. (барос-ауырлық, метрео-өлшеймін) Қазіргі кезде барометр-анероид кеңінен қолданылады.
Барометр анероидтың құрылысы
1. Дөңгелек жұқа металл қорапшадан
2 . Серіппе
3. Беріліс тетігі
4. Көрсеткіш
5. Шкала
Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады екен.
ІУ бекет Тараздағы Алаша хан кесенесі (Қызықты тапсырмалар)
Бұл Алаш хан кесенесі Тараз қаласындағы ертедегі мәдени орталық. Бұл 10-11 ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Ендеше бұл кесенеге кіріп аралау үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.
1.Эксперименттік тапсырма.
«Төңкерілген стакан» Стаканға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.
2. Сөзжұмбақ.
1.Анероид қандай мағынаны білдіреді?(Сұйықсыз)
2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3.Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)
4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)
5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы?(барометр)
3. Есептер шығару.
1 вагон. Массасы 480 кг гранит плита ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м тіреу үстінде жатыр. Гранит плитаның тығыздығы 2600 кг/м3. Плитаның топыраққа түсіретін қысымын анықта.
2 вагон. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 20 см2. Оған әсер ететін күш 400 Н. Үлкен поршеньнің ауданы 300 см2. Үлкен поршеньге қандай күш әрекет етеді?
3 вагон. Керосин бак түбіне 1600 Па қысым түсіреді. Бактағы керосиннің биіктігі қандай? Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.
4. «Сергіту сәті»
Физикалық шаманың аты, белгіленуі, өлшем бірлігі
V бекет. Астана қаласы. Сабақты бекіту
20-21 ғасырдағы Астанадағы сәулет өнері. Бұл бекетте біз жаңа сабақтан алған білімімізді бекітеміз.
Атмосфералық қысым
1вагон 2 вагон 3 вагон
Шығарма Жаңылтпаш 4 жол өлең
VІ. Қорытындылау.
Сонымен оқушылар біздер бүгінгі сабағымызда атмосфералық қысым және оны өлшеуіш құрал туралы түсінік алдық. Сонымен қатар Торричелли тәжірбиесімен таныстық.
VІІ. Үйге тапсырма §40, тест құрастыру
VІІІ. Бағалау.
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Физика пәні мұғалімі Ибатоллина Ә
2014-2015 жж.
Достарыңызбен бөлісу: |