Тақырыпты өз бетімен оқып постер қорғау
Атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып, электрон қабаттарын түзеді. Электрон қабаттары энергетикалық деңгейлер деп те аталады.
Атомдағы энергетикалық деңгейдің саны, осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді:
1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей немесе бір қабат
2-периодта – екі,
3-периодта – үш т.с.с.
Период = деңгей = қабат
Энергетикалық деңгейдегі болатын электрондардың максимал саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2
N-электронның максимал саны
п-деңгей саны
Осы формулаға сәйкес бірінші энергетикалық деңгей де
п=1; N = 2n2= 2∙12=2 электрон,
п=2; N = 2n2=2∙22=8 электрон,
п=3; N = 2n2=2∙32=18 электрон,
п=4; N = 2n2=2∙42=32 электрон.
Мысал:
) ) ) )
1. +1H 1 2. +2H 2 3.+3Li 2 1
) ) ) ) )
4. +4Be 2 2 5. +11Na 2 8 1
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз. Орбиталь деп нені атаймыз?
Электрондық қауыз:
Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.
Электрондық қауызды не құрайды?
Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.
Электрондық қабатты қандай электрондар түзеді?
Электрон қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.
Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.
Электрондарды пішініне қарай жіктеңдер, кестені толтырыңдар.
Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.
Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді
Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:
1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.
2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілейді ( Паули принципі)
3. Әрбір квант деңгейінде аттас орбитальдарда бір электроннан орналасады, қалғандары кейін қосылып жұп түзеді (Хунд ережесі)
Бір деңгейде бола алатын электрон саны
|
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы
|
1
|
2
|
2
|
8
|
3
|
18
|
4
|
32
|
Түсіндірме видео: https://twig-bilim.kz/film/atom-structure-electron-shells-5627/
Атомның құрылысы, Электрондық қабаттар.
Видео Power Point "атом құрылысы" жөнінде презентация жасайды.
(I) (f) Оқушылар алғашқы 20 элемент үшін электрондар таралуын көрсететін диаграмма құрайды және электрондар таралуының стандартты реттілігін пайдаланады (мысалы, 2:8:1).
(I) (f) Оқушылар атомдарды электрондық қабаттар диаграммалары түрінде таныстырады / Learners represent atoms by shell diagrams.
ЖҰМЫСТАРЫН СЫНЫП АЛДЫНДА ҚОРҒАУ, СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУ (пресс-конференция).
(W) Аяқталған сыртқы қабат атомды белсенді етпейтінін түсіндіріңіз. Сондықтан атомдар электрондарды қосып немесе беріп өзінің сыртқы қабатын толтырады, нәтижесінде қосылыстар түзіледі.
1.«Протон» тобына тапсырмa.( мұғалім әрбір оқушыны жеке бағалайды.)
1.Кальций элементін периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттаңдар( ауызша) «Химиктер» тапсырмасы
2.Электрондық, графиктік формулаларын құрастырыңдар.(жазбаша) «Химиктер» тапсырмасы
3.Кальцийдің адам ағзасындағы ролі (ауызша) «Биологтар» тапсырмасы
2.«Электрон» тобына тапсырма.
1. Магний элементін периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттаңдар( ауызша) «Химиктер» тапсырмасы
2.Электрондық, графиктік формулаларын құрастырыңдар. (жазбаша) «Химиктер» тапсырмасы
3.Магнийдің адам ағзасындағы ролі «Биологтар» тапсырмасы
2 |