Білім беру ұйымының атауы
|
ОМ №1
|
Пәні:
|
Химия
|
Бөлім:
|
Атомдағы электрондардың қозғалысы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Кунанов Алмас Назарбаевич
|
Күні:
|
01.09.2021
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Атомдарда электрондардың таралуы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
8.1.3.1 бірінші 20 элементтің электрондар санын анықтау
8.1.3.2 электрондардың қабаттарда орналасуының схемасын салу
8.1.3.3 электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан орбитальдарда біртіндеп орналасатындығын түсіну
|
Сабақтың мақсаты
|
негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсінеді
Период бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын түсіндіру, білімдерін дамытады
атомда электрондардың орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіне отырып, атом құрылысы туралы білімдерін жетілдіреді
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Атом құрылысының моделін қай ғалым ұсынды?
Атом қандай бөлшектерден тұрады?
Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен заңды кім құрастырды?
Периодтық заң қалай оқылады?
|
Сабақтың мақсатымен танысу
|
|
|
Өткен білімді еске түсіру
|
Реттік нөмір нені білдіреді? Белгіленуі
Атомдар қандай бөлшектерден тұрады? Заряды?
Изотоп деген не?
Химиялық элемент деген не?
Периодтық система неше период, неше топтан тұрады?
Период деген не? Саны қанша? Қалай жіктеледі?
Период бойымен элементтердің қасиетттері қалай өзгереді?
Топ деген не? Саны қанша? Топ ішінде элементтердің қасиетттері қалай өзгереді?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
|
|
Жаңа білім
|
Атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып, электрон қабаттарын түзеді. Электрон қабаттары энергетикалық деңгейлер деп те аталады.
Атомдағы энергетикалық деңгейдің саны, осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді:
1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей немесе бір қабат
2-периодта – екі,
3-периодта – үш т.с.с.
Период = деңгей = қабат
Энергетикалық деңгейдегі болатын электрондардың максимал саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2
N-электронның максимал саны
п-деңгей саны
Осы формулаға сәйкес бірінші энергетикалық деңгей де
п=1; N = 2n2= 2∙12=2 электрон,
п=2; N = 2n2=2∙22=8 электрон,
п=3; N = 2n2=2∙32=18 электрон,
п=4; N = 2n2=2∙42=32 электрон.
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз. Орбиталь деп нені атаймыз?
Электрондық қауыз:
Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.
Электрондық қауызды не құрайды?
Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.
Электрондық қабатты қандай электрондар түзеді?
Электрон қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.
Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.
Электрондарды пішініне қарай жіктеңдер, кестені толтырыңдар.
Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.
Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
|
Бекіту
|
Магний элементін периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау?
Электрондық, графиктік формулаларын құрастыру
32 Ge элементі атомының электрондық формуласын құрастырыңдар.
1s 22s 22p 63s 1 элементінің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.
1s 22s 22p 63s 23p 4 элемент (ІV) оксидінің сумен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз
|
Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау
|
|
|
Кері байланыс
|
Не үйрендім, не қиын болды, сұрағың бар ма? Тағы не білгің келеді?
|
|
|
|