Ақмола облысы Аршалы ауданы Херсонов негізгі мектебі
Тарих пәні мұғалімі Дюсембекова Батима Амерхановна
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының дамуы.Тың игеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру жұмысының барысы мен нәтижелерін ұғындыру, тың эпопеясы туралы теориялық білімдерін жетілдіруге ықпал ету.
Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, негізгі ойды түйіндеуге,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға,жинақтаған білімдерін жетілдіруге баулу.
Тәрбиелік: патриоттық санасын арттыра отырып, тыңгерлердің еңбек майданындағы ерлік істері арқылы ұлттық сезімдерін ояту, еңбексүйгіштікке бағыттау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, пікірталас,ауызша баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, қосымша әдебиеттер, слайдтар,
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау « Ой сергіту »
Сәйкестендіру тесті.
Шарты: Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, тарихи ұғымдар мен тұлғаларды мәнін ашатын мәтінмен бағыттаушы арқылы байланыстыру.
1. Кәсіподақ А) Әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан төменге
қарай басқаратын иерархиялық құрылым
2. Е.Бекмаханов Ә) Партия нұсқауымен жұмыс жүргізетін
республиканың жоғарғы мемлекеттік органы
3. Компартия Б) Тәрбие жұмысын жүргізу, социалистік
жарыстар ұйымдастыру, бұқараның т ұрмыс
жағдайына қарап көмектесетін ұйым
4. Қ.Сәтбаев В) Екпінді құрылыстарға, ірі
кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге
үлес қосқан ұйым
5. Өнеркәсіптің «Б» тобы Г) Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған
ғалым
6. Кеңес Ғ) КОКП-ның ХХ съезінен кейін ақталған
мемлекеттік қайраткер
7. Комсомол Д) 25 жыл бас бостандығынан айрылған
ғалым
8. С.Асфендияров Е) 1954 жылғы Қазақстан КП ОК І хатшысы
9. Өнеркәсіптің «А» тобы Ж) Тұтыну тауарларын өндіру
10. П. Пономаренко З) Өндіріс құралдарын өндіру
III.Жаңа сабақты игеру.
1.«Ой қозғау» кезеңі.
«Тыңнан көрініс» видеоролигінен үзінді көрсету.
-Бұл кадрларды көріп отырғанда не ойладыңыздар?
-Қандай мәлімет алуға болады?
Оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін , бүгінгі өтілетін тақырыпты ашамын.
Бүгінгі тақырып « Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру»,сабақтың мақсаттарына тоқталып кету.
Мұғалімнің сөзі:
Тың жер – табиғи күйінде құнарлығы сақталып тұрған, ғасырлар бойы жыртылмаған жерлер. Тың жерлер топырағының құрылымында қара шірік қабаты қалың өсімдікке қажетті қоректік заттар мол болады.
Тыңайған жер – ұзақ уақыт бойы өңделмеген жыртылған жер.
1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз аралығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды.
Тыңайған жерлерді игеру
Кеңес Одағы : Сібір,Урал,Қазақстан,Повольже, Солтүстік Кавказ
Қазақстан: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары.
1100-1200 млн пұт алу оның ішінде 800-900 млн пұт алу көзделді.
3 кезең. «Мағынаны тану» сатысы
Әр топқа оқулықтағы мәтінді екі тақырыпшадан бөліп беремін.Әр топ мәтіннің берілген тақырыпшаларын оқып,оқыған бөлігін түсіндіреді.Постер құрастыру.Қорғау.
Жоспар:
1 топ.
1. Тың игеруге жаппай кірісу.
2. Тыңның алғашқы табыстары.
2 топ.
1. Тың игерудің нәтижелері.
2. Демографиялық ахуалдың өзгеруі.
4 кезең. Пікірталас ұйымдастыру
I топ
Тың игерудің республика шаруашылығы мен тұрмысына тигізген пайдасы.
II топ
Тың игерудің республика шаруашылығы мен тұрмысына тигізген зияны.
Тың игерудің республика шаруашылығы мен тұрмысына тигізген пайдасы.
|
Тың игерудің республика шаруашылығы мен тұрмысына тигізген зияны.
|
1.Қала саны өсті.Халықтың өсуі артты.
2.Халықтар ынтымағы артты.
3.Қазақстан ірі астық өндірушіге айналды.
4.Тұрғын үй құрылысы кең көлемде жүргізілді.
5. Автомобиль және темір жолдың ұзындығы өсті.
6.337 жаңа астық совхозы құрылды.
7.Ауыл шаруашылығының көптеген салалары өрге басты.
8.Материалдық – техникалық база нығайтылды.
|
1.Жер эрозияға ұшырады.
2.26 млн.га тың жердің 8 млн.га құнарлығын жоғалтып,айналыстан шығарылды.
3.Астықтың бағасы оның өзіндік құнын әлдеқайда төмен болды.
4.Егін орағы экономиканың басқа салаларынан орасан көп техника мен адамдарды қатыстыра отырып, аттандыру әдісімен жүргізілді.
5. Мал шаруашылығына кері әсері болды.
6. Халықтың демографиялық құрамы өзгерді.
7.Қазақ мектептері жабылып, орыс мектептері көбейе бастады, жалпы қазақ тіліне , мәдениетіне нұқсан келтірілді.
|
Алдарындағы ақ параққа әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды жазып,өз ойларын айтады, талқылайды. Тапсырмалар талқыланған соң қорытындысын жасау .
Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды:
1. Интенсивтік бағыт -
2.Экстенсивтік бағыт-
(оқушылардан екі бағыт туралы ой- пікірлерін сұрау)
5 кезең. Сабақты қорытындылау.
А) « Ойлан, тап» ойыны.Сандарды сөйлету.
2 млн 6,5 млн 20 млрд
9,4 млн 25 млн 1 млрд
Ә)Тест жұмысы:
1-топ.
1.Тың игеру жылдарында орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП ОК-ң бірінші хатшысы болып кім сайланды?
А. Д.А.Қонаев В. Л.И.Брежнев С. П.К.Пономаренко
2.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды?
А. 1956 ж. көктем В.1955 ж. күз С.1954ж. көктем
3. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы қанша адам келді?
А.460 мың В. 640 мың С. 780 мың
4. Тыңгерлер ауыл шаруашылығы салығынан неше жылға босатылды?
А.1-3 жылға дейін В.2-5 жылға дейін С.3-6 жылға дейін
5.Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен республиканың қай бөлігінде жүргізілді?
А.Солтүстік Қазақстан В.Орталық Қазақстан С.Оңтүстік Қазақстан
2 топ.
1.Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1954ж. Қазақстанда қанша га жер жыртылды?
А.6,5 млн га В.7,6 млн га С. 8,7 млн га
2. 1956ж республикада қанша тонна астық жиналды?
А.20 млн т В.14 млн т С.16 млн т
3.Күріш өсіруде еңбектің тамаша үлгісін көрсеткен Қызылорда обылысы Шиелі ауданында «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі?
А.Ж.Демеев В.Ш.Берсиев С.Ы.Жақаев
4.Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз?
А.Жер эрозиясы күшейеді В.Экологиялық байланыс бұзылады С.Барлығы
5.Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам көшіп келді?
А.10 млн В.5 млн С.2 млн
Тест жауаптары:
1-топ 1.С 2.С 3.В 4.В 5.А
2-топ 1.А 2.С 3.С 4.С 5.С
Бағалау
Кері байланыс:
-Сабақта ең маңызды не болды?
-Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?
-Өзіңізді не үшін мақтар едіңіз?
-Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едіңіз?Неліктен?
Үйге тапсырма: Ауыл шаруашылығының дамуы.Тың игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |