Басы
|
Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім оқушыларға 3 топты ұсынады: лақтыру, спринтерлік жүгіру және секіру. Оқушы өзінің мәселесіне сай бір топты таңдайды. Оқушылар әр топта әртүрлі лақтыруға, жүгіруге және секіруге арналған жаттығуларды орындайды. Ал мұғалім оқушы орындаған жаттығуларды бақылап оған әдістемелік ұсыныстар жасап тұрады.
А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар
|
Ортасы
|
Мұғалім оқушыларға карточкалар арқылы тапсырма беру.
Спринтерлік жүгіріс: сөрелік қалып жоғарғы, 10-15 метрге жылдамдыққа жүгіру, 30 метрге жүгіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды. Дескрипторлар: техникасын дұрыс орындау, қатты жылдамдықты дамыту. Орындап болғаннан соң оқушы өз жұмысын талқылап бағалайды.
Секіру: секіру аяқ тізеден бүгіліп кеудеге тигізу, көбірек секіру бір аяқпен тізеге итерілу, орнынан ұзындыққа секіру. Әр жаттығуды оқушы 3-5 рет орындайды. Дескрипторлар: жақсы нәтиже көрсету, жаттығудың техникасын дұрыс орындау.
Лақтыру: орнынан сол және оң қолмен, жүгіре екпінмен, биіктік траекториясы арқылы кіші допты дәлдікке лақтыру. Бұл бекетте оқушылар 24 минут жұмыс жасайды. Дескрипторлар: қауіпсіздік ержелерді сақтау, орындау техникасын жетілдіру. Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында бірін-бірі бағалау жүреді, және өз серіктесінің жақсы нәтиже көрсетуіне байланысты көмектеседі. Сабақ барысында мұғалім әр оқушына қадағалай отырып, оларға дұрыс техникасын орындауында өзгерістер еңгізеді.
|
Белгі бойынша топтын бірінші ойыншылары, белгіленген жалаушаға дейін, қапшықпен қосаяқтап секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға қапшықты жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
|
Баскетбол доптары, фишкалар, бағалау парақтары, секіртпе, шеңбер, қапшық,
гимнастикалық орындықтар,
төсеніш, қағаз доптары, себет, стикерлер.
Техника қауіпсіздігін сақтау.
|
Сабақтыңсоңы
|
Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіру
Қызыл – менің түсінбеген сұрақтарым бар;
Сары – алған ақпараттарымды әлі де қорытуым керек;
Жасыл – маған хат жазу талаптары түсінікті болды.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
|
|
Рефлексия парағы
|