Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы жалпы түсінік Ұзақ мерзімді оқу мақсаты



бет73/199
Дата21.02.2022
өлшемі2,15 Mb.
#132719
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199
Байланысты:
2сын Қмж толық

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:







Сынып: 2



Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:










Сабақ тақырыбы

Қазақ ұлттық ойындарымен танысу.









Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.7.1. Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді
2. 3.5.1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды







Сабақ мақсаттары

Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру арқылынегізгі қозғалыс дағдыларын орындау.







Бағалау критерийі

Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыс дағдыларын орындау.







Тілдік мақсаттар



Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жай ғана білімді көрсететін сұрақтарға жауап бермей, тұрақты талқылауға қажетті білімді пайдалану, тіл байлығын көрсету, осылайша оқушылар диалогты жүргізе алады).







Құндылықтарды дарыту



Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу.







Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану,жас өспірімдер физиологиясы.







Бастапқы білім



Оқушыларда 1 сыныптағы алдыңғы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс кезде алынған ұлттық қазақстандық ойындар туралы бастапқы білімі болады деп күтіледі.







Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.
Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.
Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.









Сабақ барысы.







Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар







Сабақтың басы



Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 8-10 мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Қатардағы жаттығулар.
Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.
Екі қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш.











Сабақтың ортасы





Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру.
(К) Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды.
«Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады.
«Бәйге» - екі команда анықталған қашықтықта бір-бірімен жарысып атпен шабады.
Оқушылар гимнастикалық таяқтарды қолданып, атпен шауып келе жатқандай болады.
«Теңге ілу (алу)» — ұлттық ойын. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды.
(К) Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» – «Теңгені алу. Жаяу барысында оқушы жүгіріп келе жатып іркілмей, тоқтамай еденде жатқан орамалды алып кетуі керек немесе балама күрделі түрі гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп төменде еденде жатқан орамалды қолымен іліп алып кетуі қажет.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, арқан, гимнастикалық таяқтар.









Сабақтың соңы



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:
Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім ұлттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет