«Қар кесегі» тәсілі арқылы оқушылар өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ дайындап, бір-біріне лақтырады. Сол арқылы сабақты қорытындылайды.
«Бес саусақ» тәсілі. Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ - бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым?
Ортан терек – мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
Рефлексия парағы
Бөлім
Педагогтың аты-жөні
Күні
Сынып
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы
Әртүрлі құралдарды лақтыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.1.1.1 - кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру