3 . Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.
4 . Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.
1- тапсырма. Оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер, жаттығулар барысында сақтаңдар.
Допты лақтыру әдістерін орындаңдар.
«Кім епті?» әдісі
Дескриптор : Білім алушы
-Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
-Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;
-Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;
-Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;
-Бір қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;
ҚБ. «Баc бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Сұрақ-жауап: Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет пе? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?
Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?
2- тапсырма. Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс жасайды.
Баскетболшының тұрысын, допты алып жүру тәсілдерін орындаңдар.
«Қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісі
Б аскетболшының тұрысы:
а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;
в ) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.
Достарыңызбен бөлісу: |