Бөлім
|
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар дағдысын жетілдіру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар: - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыстардың комбинацияларын құруды және қолдануды біледі; - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыс комбинациялар реттілігін құрастыра біледі.
|
Бағалау критерииі
|
- қозғалыс комбинацияларын құрып қолдана алады;
- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып
көрсете алады; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Мұғалім оқушылармен амандасады.
Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен үйлесімдікті қалай дамытуға болады?
Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады («Ойын кеңістікте түсінік және бағдарлау дағдыларын оқыту.»).
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады.
Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң, мұғалім оқушыларды 3 баладан топтарға бөледі. Ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Қол шапалақ
|
Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап
|
Ортасы
|
Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі де әр топқа тапсырмасы бар карточкаларды таратып береді. Оқушылар тапсырманы орындай бастайды. Бормен еденде 10 төртбұрыштардан тұратын сатыны сызады. Әуенге сәйкес олар кезекпен, сатының басынан, 5-6 арнайы жаттығудан тұратын, үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін орындай бастайды. Әр жаттығуды 5 реттен қайталайды. Жаттығуларды орындаған соң сұрақтар қойып, талқылау өткізіп, денсаулық және физикалық жай-күй не екенін түсінуіне ықпал етіңіздер.
|