Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



бет1/37
Дата25.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#114179
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
001175fc-bb926125


Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



Оқу шеберханаларында еңбекті қорғау

Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді.


Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.
Жұмыс нұсқаулары кезінде оқушылар шеберханадағы тәртіп ережелерімен танысады, жарақат туғызатын негізгі себептердің, жабдықтардың, құрал - саймандардың, әсіресе электр жүйелерінің ақауларын және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды мұғалім жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз әдістерін, техникасын түсіндіреді, электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау тәртібі, оқу механизмдерінің құрылысын, жұмысқа қосу ережелерін, станоктарды тоқтату, тексеру және майлау туралы мағлұмат береді.
Ағаш шеберханаларындағы жарақаттанудың негізгі себептері:
• жабдықтардың дұрыс орналастырылмауы;
• қорғаныш қалқаңдарының мүлдем болмауы немесе жетіспеушілігі;
• іске қосқыш аппараттардың қанағатсыз күйде болуы;
• жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін оқушылардың нашар білуі;
• құрал - саймандар талаптарға сәйкес келмеуі;
• құрал - саймандардың жүзі өткір болмауы;
• мұғалімнің қауіпсіздік ережелерін дұрыс бақыламауы т. б
Сондай - ақ шеберханалардағы жабдықтардың орналасуы, оқушылардың ары - бері өтуі есептелуі және олардың жүру жолдары қысқа болуы тиіс. Станоктардың орнығуы мықты, қозғалыссыз, жұмыс кезінде ешқандай тербеліссіз болуы талап етіледі. Оқушылардың бойына сәйкес, ал аласа оқушыларға арнаулы, жылжымалы баспалдақ жасалынуы міндетті. Жабдықтардың өзі сенімді қалқалармен, шаңдарды, қиқымдарды, ағаш ұнтақтарын сорып алатындай желдеткіштер, сондай - ақ кесілген материалдарды беріп тұратын механизмдермен қамтамасыз етілуі керек. Кескіш аспаптардың (ара, фрез, пышақ, қайрақ қалпақшасы) жұмыс бөлігі өңделетін материал мен аспап өткен кезде ашылатын, сонан соң автоматты жабылатын қоршаумен жабылуы қажет Мұның өзі өңделетін материалдың биіктігі мен енінің көлеміне сәйкес болады, қоршау мен сақтандырғыш құрылғы қалдықтардан тазартуды қиындатады. Бойлығына қарай кесуге арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу қауіпті болады. Сондықтан оқушыларға ондай станоктармен жұмыс істеуге мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мұғалімнің өзі орындауға міндетті.
СТД - 120М ағаш жону станогінде жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты дұрыс таңдап алу керек. Жонылатын ағаш жарықсыз, сызатсыз, шіріксіз болуға тиіс, егер бұл талаптар ойдағыдай орындалмаса, жонылып жатқан бұйым сынып, жарақаттауы мүмкін. Сондықтан мұғалімге тексертіп алу - міндет. Жасайтын бұйым станокқа орнықтыру ретімен мықты бекітілуге тиіс. Оның артқы бекініс штогына міндетті түрде май жағу керек. Жұмысты бастар алдында мұғалімге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екеніне көз жеткізгеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен ғана станок іске қосылуға тиіс. Жонуға арналған станок пышақтары өткір әрі саптары талапқа сай болуы керек. Егер талапқа сай келмесе, жонылып болайын деген бұйымды істен шығарады немесе жарақаттауы мүмкін. Бұйымды жону кезінде станок ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығы 3 - 5 мм болуға тиіс. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, нақтылы өлшеммен шығарып өндеу қиынға түседі. Әсіресе сыртқы және ішкі бөліктерін нақтылы өлшеммен тегістеу кезінде өте қиынға соғады, тіпті үлкен ара қашықтықты өлшеу арасына пышақ тіреліп, жарақат¬тауы да мүмкін. Сондықтан айналып тұрған ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығын үнемі бақылап, қадағалау керек.
Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханадағы станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы кабельге жалғанып, темір түтікшенің ішімен жүргізілуге тиіс, әсіресе кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені ауыр құрал немесе зат кабельдің үстіне түссе, ол қауіпті, тіпті күрек ұшы да оны жарақаттауы мүмкін. Труба ішімен жүргізілген кабельдің ұзындығы да еден үстінде өте қысқа орынды қамтуға тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеу керек, яғни оқушылар жүрмейтін жерді, плинтус жағалауын т. б. қамтуға тиіс. Егер есіктің табалдырығынан өтсе, онда труба беті шалынбайтындай, қауіпсіз қорғаныш ағашымен жабылуы керек. Арнаулы кабельден ток күші келетін труба еден үстімен станок жанынан жоғары көтеріліп, станокқа жалғанатын биіктік деңгейінде бітуге тиіс. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ тоқ күшін қосуға және ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы міндет.
СТД - 120М және басқа станокпен жұмыс істеген кезде ток сымындағы шағылыс ұшқындарын, станоктың айналу жылдамдығы бәсеңдегенін немесе күйік иісін байқасаңдар, дереу мұғалімге хабарлау керек. Ондай жағдайларда станокты тоқтатып, өшіру міндет.
Өрт қауіпсіздігін сақтау. Оқу шеберханаларында көптеген жұмыстар үлгі ретінде істеледі. Мысалы, арнаулы плитада желім дайындау, электр муфельді пешпен жұмыс істеу, электр қайрағымен бұйымдардың шетін өндеу немесе пышақ қайрау, фреза станогімен жұмыс істеу т. б. жалпы шеберханалар, әсіресе ағаш шеберханасы аса жоғары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін талап етеді.
Оттың шығу себептері:
• ток күшіндегі жалғамдардың осал болуы;
• станоктарды бақылау қосқыштары (контроль включатель) контактілерінің әлсіздігі;
• қайрақ станогінде ағаш ұнтақтарының шоғырлануы;
• ашық және арнаулы жабық плиталардың талапқа сай қолданылмауы;
• муфельді пешпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелердің қолданылмауы және онда өңделген темірлердің арнаулы орындары болмауы;
• үтікпен, ағаш майыстыру пешімен жұмыс істеу кезінде талаптардың орындалмауы;
• оқушылардың білім дәрежесінің төмендігі т. б.
Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс.

2 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы


Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі. Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.
ә) тәрбиелілігі. Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлй түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

б) дамытушылығы. Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер туралы кітап, Өсімдіктің суреттері, өсімдіктердің кеппе шөбі, жеміс-жидек муляжы, тірі өсімдіктер, интерактивті тақта,  
Сабақтың әдісі:СТО әдісі, сұрақ – жауап, баяндау, қорыту, жартылай іздену.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: биология, табиғаттану, экология, зоология, әдебиет.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйден жан-жануарларға жазған хаттарын оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.


Оқушылардан өсімдіктер туралы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар туралы сұрау.

Өсімдіктердің түрлері өте көп.Өсімдіктер жер шарындағы оттегіні жасаушы және зиянды газдардан тазартушы болып табылады.


Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды.  
Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп.
Мысалы: Гренландия аралында – 390 түрлі
Сахарада – 300 дей
Бразилияда – 40 000 түр
Индияда – 21 000 түр
Қытайда – 20 000 түр
Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі.

Жер бетіндегі табиғат жағдайлары әр жерде әртүрлі. Бір жерде үнемі жаз, екінші жерде үнемі қыс , ал тағы бір тұста жылдың барлық мезгілдері айқын байқалады.


Өсімдіктер құрлықта және суда, тундра мен шөл далада , тауларда және мұздықтарда да кездеседі.
Экватор маңы сияқты жыл бойы жаз болып тұратын аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктер мен жемістер өседі. ( мысалы. ЗӘЙТҮН, МАНДАРИН, БАНАН  
Шөл далаларда ыстыққа төзімді және суды үнемді әрі аз пайдалануға бейімделген өсімдіктер өседі. Мысалы: сексеуіл бірнеше айлар бойы сусыз тіршілік етуге бейім.
Мұхиттар мен теңіздерде, өзендер мен көлдерде балдырлар , теңіз капустасы және маржанды рифтерде өсетін ерекше өсімдіктің түрлері өседі.Бұл өсімдіктер су жануарларына қорек болып қана қоймай, судың құрамындағы заттардың тепе-теңдік жағдайына әсер етуші.
Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады.. Жануарлар алуан түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады. Егістіктермен мал жайылымдары ауыл шаруашылығының қайнар көзі болып табылады.
Өсімдіксіз біз көріп жүрген табиғат мұндай көркем, әрі сұлу болмас еді. Қызыл жасыл түспен боялмаған гүлдерсіз ешқандай қаланың , ауылдың көркі сұлу болмас еді.
Өсімдіктерден сонымен қатар ағаштар, құрылыс материалдары ( кітап, дәптер ) жасалынады. Тастай темір ағашты самшат деп аталады.
Ең биік ағашты – эвкалипт дейміз.
Ең биік шөпті – бамбук дейміз,
Өсімдіктердің мәдени және дәрілік түрлері болады.
Мәдени өсімдіктерге – азық – түліктер, майлы дақылдар. Мысалы: картоп, жүгері күріш ,бидай ,күнбағыс , мақта, темекі т.б.
Ал бидай – нан атасы. Ал жүгеріні дала аруы деп те атаймыз.
Күріштің отаны – Үндістан
Картоп, жүгері, мақта , күнбағыс, темекінің отаны – Америка . Бұл өсімдіктерді Еуропаға алғаш алып келгендер теңіз саяхатшылары.Қазір дүние жүзінде адамдар егіп, өсіретін мәдени өсімдіктердің 200 мыңдай түрі бар. Олардың арғы тегі жабайы өсімдіктер.
Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп.Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады.Өсімдіктерден дәрі – дәрмек, бояулар алынады.Картоптан крахмал мен спирт алынады, ал мақта – матаның негізгі шикізаты . Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байтып отырады. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді.
ІҮ. Қорытындылау.
1. Өсімдіктер жер шарында біркелкі таралған ба ?
2. Суық жерлер мен мен жылы жерлердегі өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай ?
3. Өсімдіктер адамның тіршілігінде қандай рөл атқарады?

Ү. Бағалау.


Сабақ айтқан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

3 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді арам шөптен, зиянкестерден, аурудан қорғау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет