Сабақтың тақырыбы Аялай біл, сен деп соққан жүректі Жалпы мақсаты
Дата 23.08.2017 өлшемі 44,58 Kb. #25086 түрі Сабақ
Бекітемін
_______________
«15 » желтоқсан 2015 жыл
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні
Өзін-өзі тану 7 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы
Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Жалпы мақсаты
Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға , құрметтеуге үйрету.
Міндеттері
Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру.
Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын материалдар
үлестірмелі кеспелер,сөзден-сөз тудыру,оқулық,
маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер
Оқыту әдістері
Сұрақ – жауап, , тусіндіру , пікір алмасу
7 модульдің қолданылуы
“Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,
Дереккөздер
Интернет материалдары , суреттер
Тапсырмалар
топтық жұмыс, жеке жұмыс, өздік жұмыс
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс – әрекеті
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушының іс – әрекеті
Уақыты
«Қызығушылықты ояту» кезеңі
Оқушыға психологиялық ахуал туғызу
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
оқушылармен бірге үлкен шеңберге тұрып, Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау. Топқа бөлу
Оқушылар шеңберге тұрып Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.
Стикермен топқа бөлінеді
л 3
мин
Үй тапсырмасын сұрау
Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрайды
«Боз орамал» мәтіні бойынша түсінігін айтып, өзіндік ой-пікірлерін анықтайды
5 мин
«Мағынаны ажырату» кезеңі
Жаңа тақырып
Аялай біл, сен деп соққан жүректі тақырыбын жалғастыра отырып «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен жұмыс жүргізу
Оқушылар «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен жұмыс істей отырып,
сұрақтарға жауап береді.
-«Аялау», «қадірлеу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?
-Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіндің?
-Өзіңе « мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген сұрақ қойып көрдің бе?
-Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?
7 мин
Түсінік тексеру
Топпен жұмыс:
Оқулықта берілген Р Акдемірдің «Ана махаббаты» шығармасын тізбектей оқу арқылы түсініктерін сұрау
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып , сұрақтар төңірегінде ой бөліседі
1. Ана неліктен балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді?
2. Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?
3. Балалар саяхаттан неліктен бас тартты?
4. Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
7 мин
Жаттығу жұмыстары
Сабақтан алған білімдерін одан әрі дамыту мақсатында жағдаяттарды шешу, сұрақтарға жауап беру ұсынылады
1-топ Саяттың іс-әрекетін қалай бағалайсың? Саятқа қандай кеңес берер едің? 2-топ Саяхаттан бас тартасыңдар ма? Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар? 3-топ Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді? Ерболға қандай кеңес берер едіңдер?
7 мин
«Ой – толғаныс» кезеңі
Қорытындылау
Дәйексөз
8 мин
Үйге тапсырма
«Ана - өмірдің - гүлі, тіршілік басы» шағын эссе жазу.
Күнделікке жазып алады
2 мин
Бағалау
смайликтер арқылы бағалау
бүгінгі сабақта алған білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.
3 мин
Рефлексия
Жүректен-жүрекке
Ата-аналарына арнап тілек жазады
3 мин
Достарыңызбен бөлісу: