Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау, бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету; Аяз би өмірі жайлы қосымша мәліметтермен таныстыру; Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, сөз қадірін түсінуге, адамгершілікке, адал да әділ болуға тәрбиелеу; Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын дамыту, сөйлеу тілі мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту.
Үй тапсырмасын тексеру
“Аяз би” ертегісінің мазмұны
Сұрақ арқылы үй тапсырмасын пысықтау
1.Жаманның жақсы мен жаманды Есірген хан елді ермек етер.Айыра білуі. 2.Жаманның сертке берік болуы. Ащы мен тұщыны татқан білер. 3.Жаманның Барсакелмеске баруы Ақыл – ердің қорғаны. 4.Құстың, шөптің, адамның жаманын Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара. табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 5.Хан тағына отырған Жаман. Сертке берік бол, досыңа серік бол. 6.Қырық уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы.
Топтастыру стратегиясы:
Жаман
Жаңа сабақ. Тарихи деректер:
Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800 ж.ж.) Аяз би Жаманұлы- қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен.Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді.
Тарихи аңыздарға қарағанда, Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген. Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір, кейін өзі хан болып ел басқарған. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.
Венн диаграммасы. Жаман мен Меңді сұлудың өзгелерден ерекше қасиеттері
Жаман-
Меңді-
Қорытындылау
*Ертегі неге «Аяз патша» емес «Аяз би» деп аталған?
* “Аяз би” ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
Үй тапсырмасын беру.
1. «Аяз би» ертегісін оқу; 2. Мына тақырыптардың біріне өз қиялыңнан ертегі жаз: “Бала би” “Ғажайып адам” “Менің досымның басынан кешкендері”