Сабақтың тақырыбы Қазақ жазуының дамуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/4
Дата01.10.2024
өлшемі1,25 Mb.
#205431
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№ 7 Қазақ жазуының дамуы

Бағалау критерийі

  • мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуін талдайды;

  • жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

  • мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Төте жазу, кирилл жазуы
Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:
Сен қалай ойлайсың?...
Менің ойымша...., әсіресе, дегенмен, сол себепті
Жұптық тапсырмада қазақ жазуы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарға баулу



Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)
Оқушылар бұл сабақта қазақ тілінің болмыс-бітімін түсініп, қазақ жазуының шығу тарихын зерделейді

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өнер



Бастапқы білім

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Қызығушылықты ояту:

А лдымен оқушылар сөздер тізбегіндегі сөздерді басшылыққа алып, «Қазақ жазуы » туралы жұбымен әңгімелеседі.




Әңгімелесу барысында төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Төте жазу дегенді қалай түсінесің?

  2. Ұлттық құндылықты сақтауда ана тілі қандай роль атқарады?

Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынас барысында жастар қандай тілді жиі қолданады? Нелікен?
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ
Оқушылар мәтінді мұқият оқып, қазақ жазуы тарихының даму кезеңдері туралы жұбымен пікірлеседі және мәтіндегі бас әріппен жазылған күрделі атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуына көңіл бөледі.
Қазақ жазуы

Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5-4ғ) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазуы сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру – тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон – Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (5 – 12ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 - ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960-1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып табылады....


Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.

Алдымен оқушылар сөздер тізбегіндегі сөздерді басшылыққа алып, «Қазақ жазуы » туралы жұбымен әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар мәтінді мұқият оқып, қазақ жазуы тарихының даму кезеңдері туралы жұбымен пікірлеседі және мәтіндегі бас әріппен жазылған күрделі атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуына көңіл бөледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет